Балалардың 3 айға дейінгі дамуы



бет19/31
Дата06.02.2022
өлшемі2,48 Mb.
#81116
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   31
Байланысты:
3 апта Касымова

Алғашқы айдың аяғында өтпелі кезең байқалады, бала алақаны ұзағырақ уақытқа ашық қалады.
Үшінші айдың аяғында бала жартылай жабық алақанын алдын- да тұрған затқа қарай қозғалта алады, қос қолын да зат тұрған бағытта соза алады, бірақ барлық қимылдары орта сызық бойымен үйлестірілген.
4 айлық баланың алақаны көбіне ашық болады. Ол қолдарын бетіне тақап, оларға қозғалыстағы заттар ретінде қарай алады.
Қолдарын орта сызыққа келтіру қос қолдың бір-бірімен өзара жанасуымен ерекшеленеді. Жартылай ашық алақандар бір-біріне оңай салынады. Бала ойыншықты қолында ұстай алады, аузына апара алады, ернімен және тілімен зерттей
алады. Әлдебір затқа бағытталған жұлқи жасалатын қимылдар көбінесе қос қолдап жасалады. Бұл – көру-қозғалыс үйлестігін дамытудың алғашқы сатысы.
Қолдың қармау рефлексі 6 ай толғаннан кейін басылады неме- се саусақтарды қысқа уақытқа бүгу түрінде көрініс береді.
6 айлығында бала ойыншықтарды қос қолдап ұстай алады, ойыншықты бір қолынан екіншісіне сала алады, алыстағы затқа қарай созылады, ұсақ заттарды (қиқымдарды) барлық саусақта- рымен қармауға тырысады. Балақай заттарды қолында алақа- нымен ұстап тұрады, саусақтарын заттың айналасына бүгеді, бас бармағы басқа саусақтарға қарсы қойылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет