6-7 айлығында бала ойыншық ұстап тұрған қолын айналдыра алады.
7-8 айлығында, егер бала бір мезетте екі затты ұстаса, онда оларға кезек-кезек қарайды, бір-біріне ұрғылайды. Бұл жаста саусақпен қармау пайда болады (зат енді алақанда жатпайды). Ірірек заттарды және ойыншықтарды бала қос қолдап қармап, ұстайды.
8-9 айлығындакөптеген балаларда «қысқыштық» қармау пайда болады (ұсақ заттарды екі саусақтап – бас бармақпен және
сұқ саусақпен ұстау), бұл қармау түрі кейінірек – 11-12 айда да пайда болуы мүмкін.
8-9 айлығында балалардың көпшілігінде жанында тұрған бар- лық заттарды және ойыншықтарды ұстау және еденге лақтыру түріндегі ойын пайда болады. Алдымен бала заттардың қайда құлайтынына мән бермейді, бірақ, уақыт өте келе, бұл ойын түрлене түседі: бала затты алады, оны қарап шығады, оны үстелге, төсекке ұрғылайды, лақтырады, қайда
құлағанын қарайды, содан соң, айғайлап, анасының сол құлаған затты алып, өзіне беруін талап етеді.