17-бап. Телерадио хабарлары арқылы таратылатын ақпараттық өнімге қойылатын ерекше талаптар
1. Кодын ашатын техникалық құрылғылар қолданыла отырып, ақылы негізде таратылатын ақпараттық өнімді қоспағанда, осы Заңмен "18 жастан бастап" жас санатына жатқызылған ақпаратты қамтитын ақпараттық өнім жергілікті уақыт бойынша сағат 6.00-ден сағат 22.00-ге дейін телерадио хабарлары арқылы таратылмауға тиіс.
2. Тікелей эфирде трансляцияланатын радиобағдарламаларды қоспағанда, ақпараттық өнімді радио хабарлары арқылы тарату радиобағдарламаны трансляциялау басталғанда оның жас санаты туралы хабарлаумен сүйемелденеді.
3. Осы Заңның 10 – 14-баптарына сәйкес келетін ақпараттық өнімді телерадио хабарлары арқылы тарату кезінде теле-, радиобағдарлама басталғанда, сондай-ақ ол бөлінгеннен кейін әрбір қайта басталған кезде жас санаты белгісі көрсетіледі немесе жас санаты хабарланады.
18-бап. Телекоммуникация желілері арқылы таратылатын ақпараттық өнімге қойылатын ерекше талаптар
Аппараттық-бағдарламалық кешен және (немесе) технологиялар арқылы уақытша пайдалануға тұлға ұсынатын, телекоммуникация желілері, оның ішінде Интернет желісі арқылы таратылатын ақпаратқа балалардың қол жеткізуін ұсыну жөніндегі қызмет Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |