11-бап. "6 жастан бастап" жас санатының ақпараттық өнімі
"6 жастан бастап" жас санатының ақпараттық өніміне осы Заңның 10-бабында көзделген ақпараттық өнім, сондай-ақ балаларда қорқыныш, үрей туғызатын немесе олардың жанын түршіктіретін, сондай-ақ адами қадір-қасиетті қорлайтын жазатайым оқиғалардың, авариялардың, апаттардың, өлімнің және олардың зардаптарының сипатталуын және (немесе) бейнеленуін қамтымайтын ақпараттық өнім жатқызылады.
12-бап. "12 жастан бастап" жас санатының ақпараттық өнімі
"12 жастан бастап" жас санатының ақпараттық өніміне осы Заңның 11-бабында көзделген ақпараттық өнім, сондай-ақ балаларда қорқыныш, үрей туғызуы немесе жанын түршіктіруі мүмкін, зардаптары сипатталмай және (немесе) бейнеленбей, жазатайым оқиғалардың, авариялардың, апаттардың, зорлықсыз өлімнің сипатталуын және (немесе) бейнеленуін қамтитын ақпараттық өнім жатқызылады.
Достарыңызбен бөлісу: |