«Балалардың мәнерлі ырғақпен сөйлеуді қалыптастыруда театрлық іс-әрекеттің әсері» Дайындаған: Бірімжанова М. З

Дата15.09.2017
өлшемі210,73 Kb.
#32294
«Құлыншақ» балабақшасы

Баяндама

Тақырыбы:

«Балалардың мәнерлі ырғақпен сөйлеуді қалыптастыруда театрлық іс-әрекеттің әсері»

Дайындаған:Бірімжанова М.З.

2015-2016 оқу жылы

Мақсаты:

- Мектеп жасына дейінгі баланың шығармашылығын театр түрлері арқылы дамытып, сөйлеу қабілеттерін жан - жақты жетілдіру;

- Қазақ тіліне деген құрмет сезімдеріне тәрбиелеу.

Міндеттері:

Балалардың тілін, сөйлеу мәдениеті мен дүниетанымын дамыту.

• Балаларды адамгершілікке баулу.

• Баланың қиялын есте сақтауын шығармашылық қабілетін дамыту, ойдан әңгіме, ертегі шығарып айтуға дағдыландыру. Театрлық іс - әрекетті ертегілерді пайдалана отырып ойын дамыту.

• Баланың әлеуметтік және эмоционалдық дамуына жағдай жасап, әр баланың жеке дара әртістік, шығармашылық қасиеттерін ескере отырып, өзін қоршаған ортаға, адамдарға, құрбыларына, өзіне деген қарым - қатынас мәдениетін қалыптастыру.

Білім мен тәрбие бастауын балалар балабақшадан алады. Бүгінгі таңда қоғамымыздың даму бағытында мектепке дейінгі тәрбие саласы мамандарының алдында жан - жақты дамыған, сауатты, саналы, өзіндік орыны бар үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге қамқор бола білетін азаматты тәрбиелеу мәселесі жүктеліп отыр. Бүлдіршіндердің білімді, білікті, саналы болуында ойынның алатын орны ерекше.

Мектепке дейінгі жастағы балалар үшін ойынның ерекше маңызы бар: олар үшін ойын - оқу, олар үшін ойын - еңбек, олар үшін ойын - тәрбиенің маңызды түрі. Ойын - баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін оятып, танымдық қасиеттерін, зейінін, есте сақтау қабілетін, ауыз екі сөйлеу мәдениетін дамытады. Ойын - баланың өмірді танудағы алғашқы қадамы. Ойынның түрлері көп, қазақ тілін үйретуде театрландырылған ойындардың маңызы зор. Театрлық іс - әрекетте ертегілерді пайдалана отырып баланың ой - өрісін дамыту, сонымен бірге тыңдай білуге, есте сақтау, түсіну, рөлге бөліп, қазақша әдемі сөйлей білу мәнерін арттырамыз. Балаларға театр, әртістік өнер, сахналау, қойылым, сахна туралы түсінік беріп қызығушылығын оятамыз. Көріністерді өзара сөйлесу дағдыларын дамыта отырып, бүлдіршіндердің тілді меңгеруіне деген сүйіспеншілікті арттырамыз. Театр әр балаға қуаныш ұмтылмас әсер сыйлайды, оның көркемдік талғамын, еліктеуі мен қиялын дамытады. Әдетте адамның жеке басының қасиеттері бес жасқа дейін қалыптасады екен. Сондықтанда да баланың жан – жақты қалыптасуы үшін мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндердің бойына жақсы, жағымды қасиеттерді сіңіре білу керек. Бала әр нәрсеге құмар, қызыққыш, ол өзінің айналасында болып жатқан өзгерісті, тамаша құбылыстарды сезінуге тырысады. Оның жан - жақты дамып, жеке тұлға болып тәрбиеленуіне, тілінің дамуын театрландырылған ойындар арқылы жетілдіруге болады.

Театрландырылған ойындар ойын - қойылымдары болып саналады, бұл жерде балаларға арналған көркемдік шығармаларды сахналық қойылымдарға айналдырып, оларды кейіпкер ретінде қатыстырудың маңызы зор. Баланы сахнада кейіпкер ретінде ойната отырып, оның жеке тұлғасын жан – жақты дамыту. Оның бойында әдебиетке, мәдениетке, өнерге деген құштарлықты ояту. Бүлдіршіндер сахнада шағын рөлдерде ойнау арқылы байланыстыра сөйлеуге, әдемі киініп, жинақы жүруге, үлкендермен және өзге де балалармен тіл табыса білуге үйренеді. Жетілген диалог балалардың өз пікірін жеткізе білуге жетелейді. Театрландырылған ойындар балалардың ой - өрісін кеңейтеді, балаларды әңгімеге араласуға, қойылым туралы ата - аналарына, жолдастарына әңгімелеп беруге итермелейді. Бұның бәрі сөйлеу қабілетінің дамуына, диалог түрінде сөйлеп жеткізуге септігін тигізеді.

Мектепке дейінгі жасөспірім баланы тәрбиелеу мен дамыту ісіне байланысты мақсаттарды шешуде театр ерекше рөл атқарады.. Ал, театрландырылған ойындарды балалар қызықтап ойнайды. Театрландырылған ойындар рөлдік ойындардың тек желісі ғана емес, сондай-ақ ойнау іс-әрекетінің сипатымен ерекшеленетіні айқындалған.

Ойын барысында ойын ситуациясына бейімделу, алғашқы да жекелеген элементерді, кейінен рөлді толығымен ойнау арқылы баланың ой-өрісі,қиялы дамиды. Рөлді ойнау арқылы өз кейіпкерін алдына елестетіп қана қоймай, бала оның әрекеттерін, сезімдерін сезінеді. Осындай эмоциялық күйлер баланы бұрын байқамаған өмір көріністеріне таң қалдырып,өз сезімін мимика, ым-ишара, тағы басқа көріністер арқылы біреуге үйретеді.

Балабақшадағы театрландырылған іскерлік бағдарламасы бірнеше бөлімнен тұрады. Балаларға театр өнерінің шынайы сезімдерін меңгерту. Бөлімнің негізгі тақырыптары: театр өнерінің ерекшеліктері, театр өнерінің түрлері, қойылымның жасалуы, сыртқы және ішкі театр, көрермендер мәдениеттілігі.

Қойылыммен жұмыс – жанама бөлім, авторлық саханалауға негізделген. Оған кіретін тақырыптар.

-қойылыммен таныстыру

- қойылымды мазмұндап, талдау, кейіпкерлендіру.

-Қойылымға қажетті құралдар дайындау. Көріністі безендіру.

-Дайындық

Қойылымды саханалау.

Сол сияқты саусақтар ойын драматизациясы. Балалар атрибуттарды саусақтарына киеді. Ертегінің мәтінін айта отырып саусақтарын қимылдатып сюжет жасайды. Көріністі ширманың сыртында тұрып, немесе топта еркін қозғала жүріп көрсетеді.

^ Балалар театрының бірнеше түрлері бар:

Ең көп тараған түрі :ойыншықтар театры -Бұнда балалар қысқа тақпақтарды жаттап, оның өзіне тән орындау кезінен бастап-ақ кішкене көлемді спектакльдер ойнайды. Ондағы адамдар рөлін ойыншықтар орындайды.

^ Саусақ театрында– саусақтардың көмегімен қандайда болмасын ертегіні немесе өлең-тақпақ шумағын саханалау болып табылады. Саусақ театры арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып, ынтасы артады және шығармашылық әрекетіне жол ашылады. Саусақ ойынын ойнай отырып, балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан-жануарларды, құстарды және ағаштарды бейнелей алады. Саусақтарының қозғалыс қимылына қарап, бала қуанады шаттанады, сөз айтуға тырысады және өлеңде үйренген сөз шумақтарын қайталап айта отырып, есінде сақтайтын болады. Сонымен қатар балалар екі қолын қимылдата отырып, оң, сол, жоғары, төмен т.б. түсініктерді бағдарлай алуда үйренеді.

Үстел үстіндегі театры -Сәбилер тобынан бастап-ақ тақпақ пен қысқа өлеңдерді айтқызғанда көркем сөздер әсерлі естілу үшін стол үстіндегі театрды қолданған жөн. Мұнда үстелде құламай тұратын және қозғалтқанда еш кедергісіз жүретін ойыншықтар қолданылады

^ Суреттер (картиналар) театры -Декорация мен кейіпкердің – суреттері. Олардың әрекеттері шектелген. Ойнаушының дауыс ырғағы (интонация) арқылы кейіпкердің мінез-құлқы беріледі. Кейіпкер әрекет барысында пайда болады, балалардың қызығушылығын арттырады.

^ Кітапша театры - Бірін-бірі ауыстыратын иллюстрациялық оқиғалар көрсетіледі. Стенд-кітапшаның беттерін ашу арқылы жүргізуші әр түрлі сюжеттерді көрсеттеді (оқиғалар, кездесулер ).

^ Фланелеграф театры - Суреттер мен кейіпкерлер экранда көрсетіледі. Оларды фланельдер ұстап тұрады. Мұндағы суреттерді балалар мен бірге ескі кітаптардан, журналдардан қиып алуға болады.

Бұл көріністер балалардың шығармашылықтарын арттырады, ой өрістері дамытады.

Театрландырылған іскерлік арқылы шешілетін өзімнің педагогикалық жұмысымнан мысал келтірейін.

Ертегіден «сиқырлы заттар» арқылы «ертегіге ену». Балалардың елестетулерін қалыптастыру. Балаларға көздерін жұмғызып, демдерін ішке тартып оны қайта шығару арқылы көздерін ашу. Одан кейін балалардың көңілін қандайда бір затқа аудару, мысалы; үстелге (одан жұмыртқа жерге құлап түсті ме?), тегешке (осы тегешке бауырсақ пісірді ме? т.б.) балалардан сұраймын бұлар қай ертегідегі заттар.

Ертегілерді оқу және оны бірігіп талдау. Бастапқыда мен ертегіге әңгіме өткіземін. Ондағы кейіпкерлердің эмоциясымен және сезімдерімен таныстырамын, одан кейін әр түрлі мінез- құлықтары бар бейнелерді бөліп алуға және олардың біреуінің орынына өздерін қоюы туралы айтамын. Өздерін көру үшін айна қолданылады.

Театрландырылған ойынды басқару негізіне әдеби шығармашылық мәтінмен жұмыс істеу жатады. Мәтінді оқығанда әдеби тілмен анық, мәнерлеп оқу керек.

Тәрбиеші, дайындық топтарының балалары сәбилерге кішігірім спектакелдер көрсетеді, бұған әр түрлі театр түрлері қолданылады: бәрімізге таныс картиналар театры (фланелограф), саусақ театры. Сәбилердің ынталарын, әр түрлі түстерді ажырата алуына көмектеcеді. Сәбилер тобындағы балалар ертегінің мәтінін өздері қайталамау үшін, олар берілген іс-әректті орындайды. Мәтінді өзім 2-3 рет оқимын. Рөлмен ойнау балалардың елестету белсенділігін арттырады, өз бетімен шығармашылық ойынға дайындалуға көмектеседі

Театрландырылған ойынға қызығушылықтарын қалыптастыруға қуыршақ татрының қойылымын көру көмектеседі. Оны өзім көрсетемін немесе дайындық топ балалары көрсетеді. Қуыршақ театры күнделікті ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінде балаларды мадақтау, мақтау үшін, олармен амандасып, қоштасу үшін қолданылады.

Мен біртіндеп ойындарды кеңейтемін, драматтизация ойынның әр түрлігін меңгеру арқылы, балаларды қатыстыра отырып ойын тапсырмаларын біртіндеп қиындата түсемін.

Адамдар, жануарлар және құстардың әрекеттерін ойын арқылы келтіру. Адамның негізгі эмоциясы (күн көрінді – балалар қуанады, күледі, алақандарын соғады, орындарында секіреді)

Кейіпкердің эмоциясын біреу арқылы іс- әрекеттің бірізділікпен байланысындағы ойын- әрекеті.

Жақсы таныс ертегілер кейіпкерлерінің бейнесіндегі ойын - әрекеті.

Музыкалық ойын- әрекеті.

Тәрбиешінің оқуы арқылы бір кейіпкермен мәтіндегі өлең арқылы ойын - әрекеті.

Қысқа ертегі, әңгіме, өлеңдердің мәтінін тәрбиешінің айтылуымен қойылатын ойын - әрекеті.

Ертегі кейіпкерлерімен рөлдік диалог.

Жануарлар ертегілерінің бөліктерін саханалау.

Халық ертегілеріндегі бірнеше кейіпкерлерді драматизациялық ойындармен әрекеттеу.

Ойнау дағдыларын дамыту жағдайында ойнау тәжірбиесін толықтыру.

Бірінші топ. «Көрермен» позициясын меңгеруге үйрену.(жақсылықпен қарайтын, аяғына дейін тыңдайтын, қолдарын соғатын, артистерге рахмет айтатын).

Екінші топ. «Артист» болуға 1-ші қадамын жасауға үйрену. (мимикасын, қозғалысын, күшін, дауыс ырғағын, сөз ырғағы) арқылы кейіпкерге ену

Үшінші топ. Ойынның басқа қатысушыларымен қарым-қатынас жасай білу, дауласпай, кезекпен тартымды рөлдер ойнау. Қандайда да саханалық қойылымның алдында балалармен бірнеше кіріспе жұмыс жүргізіледі.

1.Тәрбиешілер балаларға ертегі, әңгімелер оқып, не әңгімелеген кезде ертегідегі кейіпкерлердің мінез-құлқына, дауысының ырғағына, қимылдарына назар аударылады.

2.Әр кейіпкердің киіміне көңіл бөлінеді. Қуыршақ театрында қуыршақтардың киімі өзгертіліп отырады.

3.Сұрақ – жауап арқылы кейіпкердің қимылын, іс-әрекетін байқап, бағалап отыру.

4.Қимыл мен сөз арасындағы байланысын қадағалау.

Дайындық топтарындағы балалардың театрландырылған ойындары қиындай түседі. Балалардың тілін жаттықтыру үшін, қазақ халқының асыл сөздерімен сусындата отырып, әрбір сахналық қойылымның алдында қазақ әндерін, қазақтың ауыз әдебиетіндегі өтірік өлеңдерді, мақал-мәтелдерді, жаңылтпаштарды, санамақтар мен жұмбақтарды, түрлі ұлттық ойындарды, ән- күйлер мен билерді кірістіріп отырылады. Мысалы, «Үйшік» ертегісінде әр кейіпкерлердің сахнаға шығуын «Қонақ келсе құт» деген мақалмен бастадық. Театрлық ойынға қатысушы даярлық тобының балалары кейіпкерлердің мінезін, жүріс- тұрысын, әдеттерін айнытпай салып көрерменге иланымды етіп ойнауы үшін, талмай жаттығулар жасалады.Сахналық өнерге баулыған балалар жаттаған сөзінің мағынасына сәйкес, күйінікті-сүйінікті сезімдеріне сәйкес тебірене мәнерлеп айта білуге үйренеді. Соның нәтижесінде олардың шығармашылық қабілеттері оянды. Бейнелеу, көркем әдебиет, тіл дамыту сабақтарын байланыстырып өткізгенде, әр сабақтың соңы әрқашанда дерлік ертегі сюжетімен байланысты қойылымдармен аяқталып отырды. Сонымен қатар, балалардың сөздік қоры толықтырылды, сөйтіп олардың белсенділігі артты, сабақтар мен сауық кештері еркін де қызықты түрде өтетін болды. Балалар өздерін еркін де бос ұстап, сабаққа ынталана, құштарланып қатысып отырды. Осы жұмыстарды өткізген кезеңде әрбір ұлттық халық ертегілерінен көріністер қойылды.Балалар өз беттерімен ойнаған дербес іс-әрекетінде де театр ойындарының түрлерін жиірек қолданатын болды. Драмалық жанрға бейімделген ойындар өздігінен туындап тәрбие жұмыстарының барысында ертегілер, сюжетті көріністер де жиі қолданылып, тіпті кейде ертегінің кейбір бөліктері өзгертіліп отырылды. Топ ішінде емін- еркін жүріп, өздеріне сабақ уақытында керекті ойын құралдарын өздері таңдап алып отырды.

Балалардың шығармашылығы тек ролдерді орындаған кезде ғана емес, сонымен қатар қуыршақтар, декорациялар дайындағанда да көрінді. Қуыршақтардың түр-түрін, шымылдықтар, декорация жасау кезеңдегі ұжымдық жұмыстар балалардың ұйымшылдығы мен белсенділігін арттырды. Балалардың шығармашылық қабілеттерін, сөйлеу мәдениеті мен ой-өрісін, дүниетанымын жетілдіруде театр ойындар түрі тиімді нәтиже береді.

Балабақшадағы балаға берілетін бүгіңгі тәрбиенің ең өзек алатын жері- ол ата - бабадан қалған асыл мұра. Балалардың адамгершілікке тәрбиелеп, тілдерін дамыту мақ сатында халық ауыз әдебиетінің асыл- мұралары – ғажайып ертегілер, жұмбақтар, мақал- мәтелдер, жаңылтпаштар, тәрбие әліппесі, аңыз әңгімелер, жырларды қолданудың маңызы зор тиімді тәсілі екені белгілі.

Мен баланың тілін дамытуда ауыз әдебиетінің ертегі түріне негізделіп жүргізген өзімнің жұмыс тәжірибем туралы сіздермен бөліскім келеді.

Тіл дамыту материалдары тақырыптық жүйеде берілгендіктен әрбір тақырып мазмұнына сәйкес ауыз әдебиеті үлгілері сұрыпталып берілді. Ондағы мақсатымыз балалардың білімін бекітуде сөздік қорын байытуды көздей отырып, жаңа сөздерді талдатып, мағынасын түсіндіру. Сонымен қатар жұмбақ, мақал-мәтел- бала тілінің мәнерлігін дамытудың қайнар көзі.

Сурет сериялары, яғни сюжетті суреттер бойынша әңгіме құрастыру, рольдер бойынша (ертегі, шығарманы) сахналау. Ертегі мазмұны салынған сюжетті суреттер арқылы әңгімелеуде баларды қиялдап, өз ойын қосып айтуға, болатын оқиға туралы білетінін, аңғарғанын жеткізе білуге үйретеді.Әдеби мәтіндерді қолдана отырып дыбыс тіркестерін, сөзді айтуға, еліктеу қимылын жасауға үйретеді, бұл ұйымдастырылған оқу-іс әрекеті баланың әсерленгіш сезімдерін кеңейтеді, сөзді тыңдауды, зейіндерін дамытады

Шағын халық ауыз әдебиеті халық ертегілері, әндер,, тақпақтар мысалы: «Тәй-тәй», «Қуырмаш», «Әлди-әлди» және т.б

Халық ертегілері, әндер ырғақты сөйлеу үлгісін береді, балаларды ана тілінің көркемділігімен бейнелілігмен танысады, бала бейнені тез есінде сақтап қалады.Кіші жастағы балалар ертегіні оқығаннан гөрі әңгімелеуде жақсы қабылдайды.Тәрбиешіден әңгімелеуде дауыс ырғағын келтіре мәнерлеп айтумен қоса, оған мұқият дайындалуы талап етіледі.Тәрбиеші біртіндеп ертегі айтып беруге белсенді қатысуға үйретеді.

Мысалы: «Шалқан» ертегісін айтып беру арқылы балаларды ертегіні мұқият тыңдауға, шығармаға қызығушылықтарын танытуға, ертегіні қайталап тыңдау ниеттеріне үйрету, бақшада не өсетіні туралы ұғымдарын қалыптастыру.Және де бірлесіп өзара көмек көрсетуге тәрбиелеу.

«Жеті лақ» ертегісі арқылы үлкеннің ,әке-шешенің айтқанын екі етпей тыңдауға, және де бөтен адамдарға есікті ашпауға үйрету. Балалардың адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеу.

«Үш аю» ертегісін айту арқылы шығарманың мағынасын түсінуге, кейіпкердің қарапайым өзара қарым-қатынасын бағалауға, кейбір адамгершілік қасиеттерді( мейірімді, зұлым, батыл) сипаттауға үйрету.Өз әсерлері туралы айта алуы мен шығарма кейіпкерлерінің әрекетін, мінез-құлқы мен қарым-қатынасын бағалауды дамыту. Және де рұқсатсыз біреудің үйіне кірмеуге тәрбиелеу.

Бала тілін дамытуда халық ауыз әдебиетін орынды, жүйелі пайдалана білген әрбір тәрбиеші баланың санасын арттыра отырып, түсінігін кеңейтіп ұғымын байытады. Сонымен қатар баланың ойлау белсенділігі артады, өз бетімен жұмыс түрі дамиды, сөз топтарын меңгереді, өз ойын еркін жеткізе алады деп ойлаймын.

Баяндама

Тақырыбы;

«Театрленген әрекет арқылы

балалардың шығармашылық

қабілеттерін арттыру»

Дайындаған:

Кезенбаева Лаура Жомартқызы.

Самар ауылы 2014 жыл

«Театрленген әрекет арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін арттыру»

Мақсаты:

- Мектеп жасына дейінгі баланың шығармашылығын театр түрлері арқылы дамытып, сөйлеу қабілеттерін жан - жақты жетілдіру;

- Қазақ тіліне деген құрмет сезімдеріне тәрбиелеу.

Міндеттері:

• Балалардың тілін, сөйлеу мәдениеті мен дүниетанымын дамыту.

Күтілетін нәтиже:

Театр, оның түрлері туралы түсініктері болады;

Қазақ тіліндегі сөздік қоры молаяды;

Диалог бойынша сөйлесу арқылы тіл мәдениетін жетілдіреді.

Достарыңызбен бөлісу:

©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет