Балалардың психологиялық дамуы мен психикалық және физикалық жетіспеушілігінің жалпы заңдылығы



Дата06.02.2022
өлшемі21,04 Kb.
#80525
Байланысты:
Таңатқызы Айдана арн псих



Балалардың психологиялық дамуы мен психикалық және физикалық жетіспеушілігінің жалпы заңдылығы.
Баланың психикалық дамуының жалпы және спецификалық заңдылықтары Баланың қалыпты даму шарттарын қарастырайық. Баланың қалыпты дамуына қажет, Г. М. Дульнев пен А. Р. Лурияның тұжырымдаған негізгі 4 шартын бөліп алуға болады. «Бірінші, ең маңызды шарт – «ми мен оның қатпарларының дҧрыс, қалыпты қызметі»; түрлі патогендік әсерлердің салдарынан туындаған, патологиялық кҥйлер болса – тітіркендіргіш және тежелгіш ҥдерістердің дҧрыс қатынасы бұзылады; тҥскен ақпаратты талау және жинақтаудың кҥрделі формаларының жҥзеге асуы қиындайды; адамның тҥрлі психикалық қызметтерінің тҥрлі аспектілеріне жауап беретін, ми блоктарының өзара әрекеті бұзылады. Екінші шарт – «баланың дене бітімінің қалыпты дамуы, сонымен байланысты жұмыс істеу қабілетінің, жҥйке ҥдерістерінің дҧрыс сақталуы.Үшінші шарт – «баланың сыртқы ортамен дұрыс қарымқатынасын қамтамасыз ететін, сезім мүшелерінің қалыпты сақталуы». Төртінші шарт – балаға отбасында, балабақшада және мектепте білім берудің жүйелілігі мен реттілігі. Балалардың психикалық, дене бітімі және әлеуметтік денсаулықтарын ҥнемі тексеріп отыратын тҥрлі қызметтердің (медициналық, психологиялық, білім беру, әлеуметтік) талдаулары, қазіргі кезде дамуында ауытқуы бар балалар мен жасөспірімдер санының артып келе жатқандығын, барлық көрсеткіштерге сай, дені сау балалар санының керісінше азайып келе жатқандығын көрсетеді. Жоғарыда аталған мекемелердің берген мәліметтеріне сүйенсек, балалардың басым көпшілігі, өздерінің түрлі даму кезеңдерінде, арнайы психологиялық көмекті қажет етеді. психикалық дамуындағы ауытқу заңдылықтарын, алғаш рет В. И. Лубовский тұжырымдады. Ол ауытқулы дамудың ҥш иерархиялық деңгейін көрсетеді. Бірінші деңгейге дизонтогенетикалық дамудың барлық түрлеріне тән заңдылықтар жатады. Ақпараттарды қабылдау, қорыту, сақтау және пайдалану үдерісінің бұзылуы. Кез-келген патологияда, қоршаған ортаны қабылдау бұзылады. Даму ауытқуының тҥріне қарай, қоршаған орта туралы мағлұматтар бҧрмаланады, мысалы, сенсорлы патологияда зақымданған анализаторлар арқылы алынған сенсорлы ақпараттар бҧрмаланады, эмоцианалды–ерікті саласының патологиясында (психопатия, ерте жастағы балалар аутизмі), әлеуметтік ақпараттарды пайдалану бұзылады. Ересектер тарапынан көрсетілген кезкелген қарым-қатынас талпыныстары, агрессиялық реакциямен қабылданады. Сөйлеудің бұзылуы Л. С. Выготский баланың екі жасынан бастап, сөйлеудің оның ӛмірінде маңызды рөлге ие болатындығын, сөйлеу негізінде, басқа психикалық ҥдерістердің дамуы жҥзеге асатындығын айтады. Нейрофизиологиялық зерттеулер, сӛйлеудің мидағы маңдай аймақтарының жетілуіндегі тежелулер мен ауытқулар, дизонтонгенияның патогенетикалық сипаттамасына негіз болатындығын көрсетеді, мысалы, психикалық дамудың тежелуі, ақыл-ойдың кемдігі, ерте жастағы аутизм. Ал даму ауытқуының басқа тҥрлерінде, вербальды және вербальды емес әрекеттердің арасындағы алшақтық немесе дивергенция байқалады. Әрине, бұл өз кезегінде, балалардың оқу бағдарламасын меңгеру ҥдерісіне кедергі жасайды, оқыту мен тәрбиелеудің арнайы, ерекше әдістерін қажет етеді. Қоршаған орта туралы мағлұматтар мен түсініктердің баяу және ұзақ уақыт қалыптасуы. Кез-келген даму ауытқуында, психикалық ҥдерістердің жартылай немесе ттас бұзылуы байқалады: ой-өрісі немесе зият қабілеттері төмендейді, есту-көру арқылы қабылдау бҧзылады, ойлау операциялары жетілмейді т.б. Әрине, мұның барлығының дамуы мен жетілуі, ұзақ уақыт пен арнайы әдіс-тәсілдерді қажет етеді. Әлеуметтік-психологиялық дезадаптация қаупі. Бұл көрсеткіш соңғы уақытта пайда болды, себебі білім беру саласында пайда болған интеграциялық ҥдерістер, қоғамдағы адамдардың жеке ерекшеліктеріне сәйкес келмейтін, жоғары талаптар қоя бастады, нәтижесінде дамуында ауытқуы бар балалардың қоғамға кірігу мәселесі қиындай тиісті. Екінші деңгейге, дизонтогенетикалық бҧзылу топтарына ғана тән заңдылықтар жатады (анализаторлық жҥйелердің бұзылуы), мидың ерте кездегі органикалық зақымдануындағы даму заңдылықтары (ақыл-ойдың кемдігі, церебральды-органикалық генезді ПДТ) жатады. Үшінші деңгейге, дизонтогенездің белгілі бір түріне ғана тән заңдылықтар жатады (ақыл-ойдың кемдігі жағдайындағы, жалпы және тҧрақты психикалық жетілмеу немесе ерте балалар аутизміндегі бұрмалана даму). 40 Л. С. Выготский адамның психикалық даму теориясының мәдени–тарихи негізін қалай бола отырып, мынаны дәлелдейді: «Сау баланың өркениетке кірігіп өсуі, әдетте, оның органикалық жетілу ҥдерістерімен біріккен тұтастықты көрсетеді. Дамудың екеуі де – табиғи және мәдени – бір-бірімен сәйкес келеді және тҧтасып кетеді. Екі қатардағы өзгерістер те өзара кірігеді, нәтижесінде, баланың жеке тұлғасының әлеуметтік–биологиялық қалыптасуының біртұтас қатарын құрайды» .




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет