Балалық шағы



Дата08.02.2022
өлшемі68,5 Kb.
#120240

Балалық шағы

Бүкіл ғұмырын қазақ балаларын оқытуға, мектеп ашуға сарп еткен Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы 20 қазанда азіргі Қостанай облысы Қостанай ауданында дүнеге келген. Азан шақырып қойған аты – Ибрагим.

Бала Ыбырай үш жасқа толғанда әкесі Алтынсарыдан айырылады. Осыдан кейін туған атасы, сол кездегі белгілі би, рубасы Балқожа Жаңбыршыұлының қолында тәрбиеленеді.

Немересінің білім алғанын қалаған атасы тамыр-танысының көмегімен Ыбырайды Орынбордағы Шекара коммиссиясы жанынан ашылған мектепке жаздырады. 1850 жылы 22 тамызда Ыбырай сол мектепке алғашқы 30 баланың бірі болып қабылданады.

Балғожа би немересін кішкентайынан адалдыққа, тапқырлыққа, турашылдыққа, шешендікке баулыған. Өзімен бірге жиын-тойларға ертіп, билік айтқызып, қанатын қатайтқан. Ыбырай жасынан зерек болып, алғырлық танытып, көпшілік құрметіне бөленіп өседі.

Еңбек жолы

1857 жылы жазда Ыбырай Орынбордағы мектепті үздік тәмамдап шығады. Осыдан кейін екі жылдай атасы Балқожа бидің хатшысы болып жұмыс істейді. Кейін Орынбор облыстық басқармасына кіші тілмаш болып қызметке алынады.

1864 жылы 8 қаңтарда Торғай жерінде алғашқы мектебін ашты.

1866-1868 жылдары Торғай уезінде уақытша судья болып қызмет етті.

1868 жылы Торғайдағы қазақ мектебі бір класстық орыс-қазақ училищесі болып қайта құрылды. Сол жылы Ырғыз қаласында екі класстық орыс-қазақ училищесі ашылады.

1869 жылы ол уезд бастығының аға жәрдемшісі болып тағайындалды. 1871 жылдар аралығында Торғай уезінің судьясы болып жұмыс істеді.

1874 жылы орыс географиялық қоғамына мүше болып сайланды. 1875-1876 жылдары Орынбор, Қазан, Петербург қалаларына сапар шегіп, ол жақтан оқушыларға қажет әдістемелік және тағы басқа кітаптар әкеліп, ағартушылық ісіне қызу кіріседі.

1879 жылы 1 қыркүйекте Торғай облысындағы мектептердің инспекторы болып тағайындалды.

Алтынсарин ашқан мектептер

Ыбырай Алтынсарин қазақ балаларын білім нәрімен сусындатуға асықты. Осы арманын жүзеге асыру үшін облыстық басқармаға мектеп ашу туралы өтініштер жіберді. Ақыры 1860 жылы облыстық басқарма Алтынсаринге Торғайдан қазақ балаларына арналған бастауыш мектеп ашуды тапсырды, әрі өзін сол мектепке орыс тілінің мұғалімі етіп тағайындады.

Бірақ, жергілікті үкімет Алтынсаринге қол ұшын соза қоймады, сөйтіп мектеп ашу ісі ұзаққа созылды. Ыбырайдың армандаған мектебі араға төрт жыл салып, 1864 жылы 8 қаңтарда Торғай жерінде салтанатты түрде ашылды. Бұл ұлт ұстазы негізін қалаған алғашқы білім ордасы еді. Мектепті Алтынсарин төрт жыл бойы жинаған ақшасына ашты.

"Қаңтардың сегізі күні менің көптен күткен ісім жүзеге асып, мектеп ашылды және оған қазақтың тамаша да, сүйкімді де, зерек те 14 ұл баласы қабылданды. Мен оларды оқытуға қойға тиген аш қасқырдай кірістім. Қуанышыма қарай балалар айналдырған үш айдың ішінде орысша және татарша оқуды да, тіпті жазуды да меңгеріп алды", - деп жазған еді Ыбырай Алтынсарин.
1879 жылы Алтынсарин Торғай облысы бойынша орыс-қазақ учищелерінің инспекторы болып тағайындалды. Бұл оның қолын ұзартты. Торғай, Жітіқара, Обаған, Қарабалық, Әуликөл болыстарында және Қостанай қаласында тағы он бес мектеп салынды.

1882 жылы Ыбырай Алтынсарин барлық мектепке ән-күй сабақтарын енгізді. Жергілікті, ауқатты ел азаматтарынан ақша жинап, кітапхана ашты.

Қазақ балаларын тек біліммен сусындатпай, еңбекке баулуды көздеген ол 1883 жылы 15 қарашада Торғай қолөнер мектебін ашты.

Алтынсарин қазақ қыздарын оқытуға да көп күш салды. 1887 жылы 15 қарашада Ырғыз қыздар училищесінің негізін қалайды. 1888 жылы қыздарға арналған 12 орындық мектеп интернат ашады.

"Қазақ хрестоматиясы" немесе ағартушылық еңбегі

Ыбырай Алтынсарин мектеп ашқан кезде, балаларға арналған оқулықтар мүлде жоқ болатын. Дәл осы жылдарда өнегелі ұстаз қысқа-қысқа әңгімелер мен өлеңдер шығар бастайды, оқу құралдарын жазуға кіріседі.

1879 жылы ақынның қазақ мектептеріне арналып жазылған алғашқы ұлттық оқулық – "Қазақ хрестоматиясы" жарық көрді.

Ыбырай "Қазақ хрестоматиясына" кірген өлеңдерінде де халық-ағарту идеясын көтерді. Оның "Кел, балалар, оқылық!", "Өнер-білім бар жұрттар" өлеңдері осындай мақсатта туған. "Кел, балалар, оқылық!" өлеңінде ақын, бір жағынан, жастарды оқуға, білім алуға үндесе, екінші жағынан, оқу, өнер, ғылым-білімге, оның жалпы халық үшін керектігіне еш мән бермейтін ескі көзқарасқа соққы береді. Өмірдегі сарқылмайтын мол байлық – білім екенін айта келіп, білімге адамның қолы жету үшін, ерінбей оқу, қажымай еңбек ету керектігін түсіндіреді.


Ал "Өнер-білім бар жұрттар" атты өлеңінде оқу, білім алудың мақсатын кеңінен сөз етеді. Өлеңнің негізгі идеясы – қазақ қауымына озық мәдениетті елдерді үлгі етіп көрсету.

Бұдан бөлек, Алтынсариннің шығармашылығында табиғат көріністерін суреттейтін өлең жолдары да кездеседі. Ақын оқырмандардың көңілін табиғатқа аудару арқылы жас шәкірттерінің бойында Отанға сүйіспеншілігін, патриоттық сезімін қалыптастыруды мақсат етті.

Еңбекті сүю және қадірлеу – Ыбырай әңгімелерінің негізгі тақырыбы. Оны жазушы шағын әңгімелерде үгіт, өсиет түрінде берсе, кей шығармаларында халықтың қоғамдық санасын тәрбиелейтін реалистік суреттер арқылы бейнелейді. Оған "Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш", "Атымтай жомарт", "Әке мен бала" және тағы басқа әңгімелері дәлел.

"Қандай әділдік күтуге болады"

1883 жылы Ыбырай Алтынсариннің Кеңес үкіметі тұсында көп айтыла қоймаған тағы бір кітабы басылып шықты. Ол – "Мұсылмандық тұтқасы".

Бұл кітапта ағартушы дүмше молдаларды аяусыз сынайды. Мұндай сын молдалардың тарапынан жауапсыз қалмайды, әрине. Ақыры отаршылыққа, шоқындыруға қарсы күрескен, қазақ тілін білім мен ғылым тіліне айналдырған Алтынсарин туралы "орысшыл, отаршыл, шоқынған" деген қауесет әңгімелер таратылады. Ақынның болыстыққа таласқан туыстары оның үстінен арыз жазады. Билік мектептеріне шүйліге бастайды.

"Қазір жан дүнием құлазып, өте көңілсіз жүрмін. Көмек күткен үкімет орындары қолдаудың орнына заңды да, заңсыз жолдармен мені қудалауға салып отыр. Бұдан кейін қандай әділдік күтуге болады.Осының бәрі ашық сот арқылы анықталса екен деген тілек көкейімнен кетпейді", - делінген Алтынсариннің Катаринскийге жазған хатында.

Ыбырай Алтынсариннің отбасы

Ыбырай 1864 жылы Сырдария облысы (қазіргі Қызылорда облысы ) Перовский уезіне қарасты Жаппас руындағы Шолақ деген кісінің Айғаныс атты қызына үйленеді. Ерлі-зайыпты көпке дейін бала сүйе алмайды, сөйтіп олар туысқандары Оспанның Хамитбек деген баласын бауырына басады. Алайда ол алты жасында қайтыс болады.

Ыбырайдың тұңғыш баласы Абдолла 1880 жылы дүниеге келеді. 1887 жылы Әбдірахман деген екінші ұлы, 1888 жылы Шарипа атты қызы туды. Балалары Әбдірахман мен Шарипа кішкентай кезінде ауырып қайтыс болды.

1920-1930 жылдардағы дүрбелеңнен Ыбырайдың ұрпақтары да байдың тұқымы ретінде қуғындалған. 1928 жылы Алтынсариннен қалған жалғыз тұяқ Абдолла да Қазақстаннан тыс жерге қоныс аударады.


Нағима Абдоллақызы — Ыбырай Алтынсариннің жалғыз немересі. Нағима атасын көрмесе де, 1924 жылы қайтыс болған әжесі Айғаныстың көзін көріп өскен.

Нағима Ыбыраева 1916 жылы Қостанай облысы Талапкер ауылында дүниеге келді. Бала кезінде атасы Ыбырай ашқан Қостанайдағы мектепте үш жыл оқиды. 11 жасында анадан айырылады. Нағима Ыбыраева екі баланы дүниеге әкелген, өмірінің соңғы жылдарын Тараз қаласында өткізді. 1998 жылы 30 наурызда 82 жасында қайтыс болды.

Ыбырай Алтынсарин 1889 жылы 17 шілдеде Қостанай қаласынан үш шақырым жердегі көл жағасында салдырған ағаш үйінде ауырып өмірден өтті. Өлерінің алдында өзіне тиесілі жерлерді Қостанай қаласындағы ауыл шаруашылық училещесінің меншігіне беруді тапсырды. Ұлт ұстазының жасы бұл кезде небәрі 48-де еді.

Құрметті оқырмандар Stan.kz ақпараттық агенттігі сіздерге “Кел, балалар оқылық”, деп бүкіл халықты оқу-білімге шақырған ұлы ағартушы-педагог Ыбырай Алтынсариннің өмірі туралы мәлімет ұсынады.


Қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы 26-шы казанда казіргі Қостанай облысы, Затабол ауданында дүниеге келген. Әкесінің есімі Алтынсары, анасы Айман. Алтынсары өз еңбегімен тіршілік еткен, карапайым шаруа адамы болған. Ал анасы Айман арғын руының ішіндегі Шеген деген бидің қызы.


Әкесі Алтынсары Ыбырайдың үш-төрт жасында қайтыс болып кетеді. Сол себептен бала Ыбырай атасы Балғожа бидің тәрбиесінде болады. Балғожа би өз өңіріне танылған беделді, білімді кісі. Ол ұзын қыпшақ руынан шыққан. Өзі өте текті, күллі әулетті билеп, жөл көрсетіп отырған адам болған. Сондай-ақ, ол жалпы шекаралық комиссияға қызмет істеген кісі. Сол себептен де ол немересін орыс мектебіне бергісі келеді.
Ыбырай Алтынсарин жасынан өте ынталы болған. Атасы Балғожа Ыбырайды тойларға, жиындарға өзімен ерте жүріп, немересін іскерлікке, білімділікке, сөз сөйлеу шеберлігіне үйретеді. Ыбырай Алтынсариннің атасымен бірге жүруі өмірі үшін өте маңызды болды. Ал немересінің білімге деген үлкен құштарлығын, ынтасын көрген Балғожа би Ыбырайды Орынборда жаңадан ашылған мектепке 30 баланың біреуі болып береді. Осылайша, ол 1851 жылы қазақ балалары үшін ашылған Шекара комиссиясының жанындағы мектепке жіберілді.
Мектепте оқып жүргенінде, Шекспир, Гёте, Байрон, Пушкин, Гоголь, Лермонтов, Фирдоуси, Низами, Навои және т.б. сияқты әлемдік әдебиет классиктерінің шығармаларын өз бетімен оқып, зерттеді. Сонда жүріп Шекара комиссиясында қызмет еткен шығыстанушы В.Григорьевпен жақын араласады. Тіпті, Григорьевтің үйіне жиі барып, оның кітапханасын қолданды.
Мектепті бітіргеннен кейін 3 жыл бойы (1857-1860) атасының қол астында кеңсе хатшысы, одан кейін Орынбор кеңесінде аудармашы болып жұмыс істеді.
1860 жылы облыстық үкімет Ыбырайға Орынбор бекінісінде (Торғайда) қазақ балаларына арналған бастауыш мектеп ашуды тапсырып, оны орыс тілінің мұғалімі етіп тағайындады. Сөйтіп, ол меценаттың қаражатына мектеп ғимаратының құрылысын бастауға кіріседі. Ол мектеп 1864 жылы 8 қаңтарда салтанатты түрде ашылып, 16 оқушы қабылдайды. Кейін мектептің жанында интернат құрылады.
Алтынсариннің мектептегі жұмысы жақсы бағаланды. 1864 жылы 22 қаңтарда Торғай қаласындағы Орынбор бекінісінің басшысы Орынбор мен Самара генерал-губернаторына «ордалықтар ашқан мектептің шынайы қуанышпен және ризашылықпен өткенін» хабарлады. Ал бұл мектептің мұғалімі Алтынсарин туралы: «Алтынсариннің үлгі болатын тәрбиесі мен көрнекі қамқорлығының арқасында мектеп өте жақсы және таза… Қырғыз оқушыларының аз уақыттағы жетістігі, қысқа мерзімде жақсы үміт беріп, осындай керемет Торғай мекемесінің жемісін жегізетіні және өздерін ақтайтынына сенімдіміз» делінген.
Алтынсариннің өзі 1864 жылы 16 наурызда: «Қойды қуған аш қасқыр секілді, мен қызу түрде балаларға білім беруге кірістім. Және осы балалар үш айдың ішінде, тіпті орыс және татар тілдерінде оқып-жазуды үйреніп алды. Бір сөзбен айтқанда, бұл жақсылар курс аяқталғанша, 4 жылдан кейін бір нәрсе үйреніп, лайықты сөйлей алатын болады деп үміттенемін. Сондай-ақ, кейін олар жемқор болып шықпас үшін, бар ынта-жігеріммен тіпті олардың моральдық әрекеттеріне де әсер етуге тырысамын» деп жазған.
Алтынсариннің қаламынан білім беру ісіне арналған көптеген туындылар туды. Олардың бірі 1869 жылы жарық көрген екі: «Қырғыз хрестоматиясы» мен «Қырғыздарды орыс тіліне үйретудегі алғашқы басшылық» атты оқу құралы. 1869 жылы Ыбырай Торғай аудандық әкімшілігіне іс жүргізуші болып жұмысқа кіреді, кейін аудандық бастықтың аға көмекшісі болып қызмет атқарады және уақытша аудандық судья қызметін атқарады. Қызмет ету барысында ол ауылдарға барып, облыс әкімі мен ауыл ақсақалдарының сайлауына қатысты.
Ыбырай сайлау кезінде пара алу, жемқорлық пен қиянатшылыққа жол бермей, әділ шешімнің табысты қабылдануына әсер етті. Ал оған көңілі толмаған байлар облыстық үкімет, әскери губернаторға, тіпті 1868 жылғы уақытша ережеде көзделген сайлау ережесін бұзды деген айыппен Алтынсариннің үстінен ІІМ-не шағым түсіреді. Олар Алтынсаринді болыстың басқармадағы қызметінен алып тастауға тырысты. Мысалы, 1883 жылы Николай уезінің Арақазағай басшысын сайлау кезінде Ыбырай Алтынсарин өздерін ұсынған 2 байдың орнына үшінші адамды сайлады. Алтынсаринге қатысты шағымдардың бірінде оны социалис деп атайды және осы іс бойынша тергеу жүргізілген.
Ыбырай патша саясатына да қарсы шықты. Бұған оның 1880 жылы «Оренбург парағы» газетінің беттерінде шыққан мақала дәлел.
1879 жылы Ыбырай Торғай облысына мектеп инспекторы болып тағайындалады. Торғай облысындағы мектептің инспекторы лауазымын алған Алтынсарин Ырғыз, Николаев, Торғай және Илецк облыстарында екі сыныпты орыс-қырғыз мектебін ашты және осы мектептерді оқушылар мен оқытушыларға толтырды. Сондай-ақ, ол осы мектептерді жабдықтауға ерекше мән берді.
Ол әрбір мектепте кітапханалардың құрылуына көп көңіл бөлді. «Жинаған 600 рубльге Торғай облысының мектептерінде оқытушылар мен оқушыларға арнап кітапханалар ашқым келеді. Бұл кітапханалардың мақсаты – ондағы кітаптарды тек оқушылар мен мұғалімдер ғана қолданып қоймай, курсты аяқтаған адамдар (оқушылар) мен жалпы сауатты адамдардың оқу құралдарын алуға болатын орындары болса екен деймін»,-деген ұлы ағартушы.
Алтынсарин кәсiптiк және ауылшаруашылық мектептердің ашылуына үлкен күш жұмсады және жергілікті халықтың арасынан Қазақстанның экономикалық дамуына қажеттi мамандар даярлауға айрықша мән бердi. Қартайған жылдарында өз қаражатын Қостанайдағы ауылшаруашылық мектебінің құрылысына аударды.
Сонымен қатар, ол қыздардың сауаттылығына айрықша мән беріп, олардың білім алуын ұйымдастыруға көп еңбек салды. Оның қолдауымен Ырғыз қаласында қыздар мектебі ашылды. Кейінірек, 1891 жылы Торғайда, 1893 жылы Қостанайда, 1896 жылы Ақтөбеде қыз балаларға арналған мектеп-интернат ашылды.
Жалпы алғанда, Алтынсарин төрт бірдей екі сыныпты орыс-қырғыз училищесін, бір кәсіптік училище, бір қыздар училищесін, бес болыстық училище және орыс балаларына арналған екі мектеп ашты.
Ыбырай орыс классиктерінің аудармаларында және қазақ тіліндегі түпнұсқа шығармаларында демократиялық ағарту идеалдарын насихаттады. Қазақ әдеби тілін қалыптастыру саласында ұлттық әдебиет пен мәдениетті дамыту үшін жемісті жұмыс жасады. Сондай-ақ, ол Толстой, Ушинский, Крылов, Пауссон секілді орыс жазушыларының шығармаларын қазақ тіліне аударды.
Оның қаламынан «Қыпшақ Сейіт», «Киіз үй мен ағаш үй», «Асыл шөп», «Шеше мен бала», «Бай мен жарлы баласы», «Таза бұлақ» секілді әңгімелер мен новеллалар туған. Алайда, Алтынсарин өзінің бүкіл дүниетанымындағы бірқатар қайшылықтардан аулақ бола алмады. Барлық ағартушылар секілді, ол да білім берудің әлеуметтік-қайта құрудағы рөлін жиі асыра бағалады.
Алтынсарин жан-жақты білім алған адам. Оның ғылыми қызығушылығы этнографияны да қамтиды. Ол 1868 жылдың наурызында Императорлық орыс географиялық қоғамның Орынбор бөлімінде «Орынбор өңіріңінің құдалық және үйлену кезінде ұстанатын салт-дәстүрі туралы» атты баяндамасымен сөз сөйледі. Сөйтіп, мақала жалпы мақұлдау алып, көп ұзамай газет бетіне жарияланды.
Ыбырай Алтынсарин өмірінің соңғы жылдары Николаевскіде (Қостанай) тұрды. Ол бүкіл ғұмырын ағартушылыққа арнап, ешқашан дүние-мүлікке қызықпаған. Ол тек жеке қаражатынан кішкентай көлдің жағасынан бір қабатты ағаш үй ғана тұрғызып, онда 1889 жылға дейін, қайтыс болғанға дейін қарапайым өмір сүрді.
Айта кету керек, 1989 жылы ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің 150 жылдық мерейтойы атап өтілді. Оның өмірі мен шығармашылығына арналған көптеген ғылыми, тарихи-педагогикалық шығармалар жарық көрді. Ал Арқалық қаласында Алтынсарин мұражайы ашылып, Тобылдың жағасында ағартушының күмбез тәрізді тас ескерткіші тұрғызылды.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

2021 жылдың айтулы даталарының бірі – ұлт ұстазы, қазақ балалар әдебиетінің атасы Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығы. Осы мерейлі датаға орай «Әдебиет порталы» жыл бойы мақалалар жариялауда.

Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығы туралы бір жарым ғасыр уақыт жүзінде кеңінен жазылып, айтылып, насихатталып келе жатыр. Яғни Патшалық Ресей, одан кейінгі Кеңес Одағы тұсында да Ыбырай Алтынсариннің қызметттік жолы, шығармашылық мұралары жайлы өз дәуірінің идеологиялық ауқымына сәйкес қарастырылып келді. Ы.Алтынсариннің тарихи тұлғасына қатысты материалдарды зерттеп, зерделеудің өзі қазақ әдебиеттануы мен педагогикасының, тарих ғылымының қатпарлы да қызықты тақырыбы болары сөзсіз.

Қазақ балалар әдебиетінің арғы бастауы ұлттық фольклор, жазба әдебиетінің бастауы – сөзсіз Ыбырай Алтынсарин шығармашылығы. Қазақ балалар жазба әдебиетінің алғашқы қалыптасуы, шыға бастауы Ыбырай Алтынсариннің педагогтік қызметін бастау кезеңімен, яғни XIX ғасырдың алпысыншы жылдарынан басталады.

Төрт ғасыр бойы Ұлы Далада өмір сүріп, халқымыздың антропологяиылқ, рухани бет-бейнесін анық қалыптаушы фактор болушы Қазақ хандығы Патшалық Ресей мен Мәнж-Шың империяларының Жоңғар және Қалмақ хандықтарын айтақтатқан құйтырқы саясаты салдарынан әлсірей келе өмір сүруін тоқтатты. Бытыраңқылыққа ұрынып, бөлшектелген қазақ халқының ғасырлар бойы «қасқа» және «ескі» жолдары мен жарғыларымен реттеліп келген әдет-ғұрып, жөн-жосық, заңнамаларының орнына Ресейлік басқару нормалары біртіндеп еніп, ХІХ ғасырдың алғашқы жартысында хандық билікті жойғаннан соң, еріксіз жағдайда орнығып, күш ала бастады. Бұл қазақ даласынан хандық билікті аластап, үш жүздің өз ішінен ұсақ дуандар, одан соң болыстықтар ашып, ел ішіндегі басқару билігін бытыраңқылыққа ұрындырумен көрініс тапты. Болыстық басқару – қазақ атқамінерлерінің ең үлкен билік буынына айналды. Болыстар үш жылға сайланып, олар уез басшысына бағынышты болды. Уезд басшысы (начальник) міндетті түрде орыс немесе орыстілді еуропалық шенеунік болды. Сондықтан да уезден, облыстан келген бұйрықтарды, Петербордан түскен жарлықтарды елге жеткізіп, насихаттау, жоғарғы басшылықпен байланысты іс-қағаздар жүргізу үшін орыс тілінің қажеттілігі өз-өзінен туындады. Бұл – қазақ арасында орысша оқуға деген сұранысты тудырды. Болыстар орыс тілінде іс қағаз жүргізетін, аударма жасайтын аудармашылар ұстады. Ел арасында түрлі хат-хабар, арыз-тілектерді жазып беретін песірлік кәсіптің (писарь) айы оңынан туды.

Қазақтан шыққан есті кісілер, ауқатты адамдар балаларын орысша оқытудың пайдасы барын сезініп, осы мақсатта алғашқы қадамдар жасады. Мұның жарқын мысалы: Шоқан Уәлиханов, Мұса Шорманұлы, Ыбырай Алтынсарин қатарлы шонжар әулеттерден шыққан шәкірттердің орыс школына түсіп, білім алуы болмақ.

Міне, осылайша ХІХ ғасырдың ІІ жартысынан бастап жоғарғыдай себептердің арқасында қазақ қауымы орыс-еуропалық біліммен бетпе-бет келді. Орысша оқу арқылы бағынған жұрт өкілдері өздерін бағындырған билік алдында көптеген мүмкіндіктерге қол жеткізе алатындығын сезінген адамдар мұны малтабарлық жол санады. Сондықтан да Абай өз өлеңдерінде дәл осы мақсатты сынағаны белгілі. Мұхтар Әуезов «Абай жолы» романында бас ақын шығармашылығындағы ойды дамыта отырып, өз кейіпкерлері Абай мен баласы Әбдірахман арасында мынадай пікір алмасу жасатады. «Әуелі бір нәрсенің басын аша сөйлейік, аға. Жаңағы сіз санаған көп жерде оқыған, көп қазақ жасы азғантай ғана оқып, ерте тоқтап қалып жүр...

- Рас... Рас, - деп Абай Әбдірахманның сөзін бөле берді де: - тоқтап қалып жүрген жоқ. Топтап барып тілмаш, песір болып жүр. Көбі және песір бола алмай, кесір боп жүр. «Қазақ жаманы орыс бола алмайды, ал орыс жаманы қазақ бола алмайды», - дегенді біздің халық соларды көріп айтқаны. Бұл не деген сөз? Менің ұғуымша – терең сын. Яғни, әуелі жақсы қазақ болып алмай, жақсы орыс та бола алмайсың, яки, әуелі жақсы азамат болып, өз ортаңа, халқыңа адамшылық танытпасаң, өзге елдің адамы болып та жарытпайсың деген сөз. Ал біздің көп шала оқығандар жетістірген күнде, тәуір шенеунік болады екен. Салтыков-Щедрин мен Толстой масқаралап, әшкерелеген қу-құрдым төрешік болғанша, болмай-ақ қал, - деп ойлаймын», - дейді. Иә, қазақ ортасынан шыққан алғашқы орысша оқыған «қаратаяқтардың» бірсыпырасы тілдік тұрғыдағы өзінің мүмкіндігін мал жиып баюға арнап, өз халқының қалтасын отаршылармен бірге тонасқаны – сол заманның ақиқат шындығы.

Әрине, орысша тіл сындырып, сауат ашып, арнаулы оқу оқығандардың барлығын бірдей руханиятқа пайдасыз «тәуір шенеунік» қатарында өтті деуге болмайды. Солардың бірі де бірегейі – өз жұрты да, нағашы жұрты да қазақтың шынжырбалақ шұбартөс дейтін әулеттерінен шыққан Ыбырай Алтынсарин болатын.

«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» демекші, ұлы тұлғаның ұяда көрген тәрбиесі – ділмар шешендікке, көшелі билікке құрыған дала даналығы болатын. Сөйлесе сөздің көсемі болған билерге тән шешендік өнерді қаршадайынан терең меңгерген, сөзге орамды, тілге ұстамды азамат болып ержетуіне атасы, көрнекті ел ағасы Балғожа бидің де ықпалы аз болмағаны сөзсіз. Атасының өлең-сөздің қадіріне жеткен әрі өзі де жанына жыр шығаратын қасиеті немересіне үлгі болады. Жас жеткіншек Ыбырай сол дәуірдің өзге де балаларындай, ең алдымен ауылдағы молдадан мұсылманша оқып, сауатын ашады. Екі-үш жылдай молдадан сабақ алған немересінің зеректігін, ынта-жігерін аңдаған Балғожа би Ыбырайды өзінің ізбасары ретінде қарастырады. Сөйтіп 1850 жылы тоғыз жасар Ыбырайды атасы Орынбор округі бойынша Торғай облысында қазақ балаларына арналып алғаш ашылып жатқан жеті жылдық мектепке апарып береді. Осы бір сәтте Балғожа бидің немересіне арнап жазған өсиет өлеңінде жас Ыбырайдың болашағына деген үлкен сенімді көреміз:

Ата-анаңды өнер білсең асырарсың,

Надан боп, білмей қалсаң, аһ ұрарсың.

Шырағым, мұнда жүрсең, не етер едің,

Қолыңа құрық алып кетер едің,

Жүргенмен, не мұратқа жетер едің?!

Ыбырай Алтынсариннің достарына жазған бір хатында: «Менің алты жүздей асыл тұқымды жылқым бар еді», - дейтіні бар. Осыған қарап, ұлт ұстазының мал-дәулеттен еш кенде болмағанын, егерде расымен атасы айтқандай, қолына құрық алып, мал өсіруге кеткен болса, Сарарқаның ен даласына қос-қос жылқы салған атақты байлардың бірі ретінде еміс-еміс аты қалар ме еді. Бірақ сұңғыла ата немересі үшін басқа жолды таңдаған екен. Және дұрыс таңдағаны анық.

Қазақ балаларынан патша үкіметінің кеңсе жұмысына жергілікті ұлттың балаларынан тілмаш, ұсақ шенеуніктер даярлауға арналған школдарда (мектеп) орыс, татар тілдерінде сабақ оқытылатын болған. Ол заманда бұл мектептерде кез келген қазақтың баласы оқи алмайтындығын және ескерген дұрыс. Яғни бұл мектепте Ресей мемлекетіне, патша үкіметіне ерекше еңбегі сіңген, оған шынайы беріліп, оны ісімен дәледеген беделді адамдардың балалары ғана оқитын болған. Дегенмен орыс оқуына барып «шоқыншы» атануға қанша жерден беделді әулеттен шыққан болса да Ыбырайдың анасы Айман, ағасы Қанғожалар қарсы болады. Атасы Балғожаның талассыз ықпалымен Ыбырай мектепке қабылданады. Шындығында діншілдік пен патша билігін уағыздауды негізгі жұмыс өзегі еткен бұл мектепті Ыбырай 1857 жылы «өте жақсы» деген бағамен бітіріп шығады.

Ыбырай Алтысарин осы жылдарға дейін Батыс, Шығыс әдебиетін терең меңгеріп, әлемдік педагогика бойынша іргелі еңбектерді оқу арқылы өзінің болашақ мақсаттарын айқындап, біртіндеп іс-әрекетке көше бастайды. Ресейдің ағартушылық бағыттағы ақын-жазушылардың шығармаларымен танысып, сол замандағы белгілі шығыстанушылардың еңбектеріне ден қояды. Кейбіреулерімен жолығып танысады. Солардың бірі атақты шығыстанушы В.В.Григорьев болатын. Ыбырай Алтынсарин 1859 жылы Орынбордағы шекаралық комиссияға тілмаш болып ауысады. Дәл осы кезеңнен бастап ел арасында осы мақсатты іске асыруға кіріседі. 1864 жылы Торғайда алғаш мектеп ашуға рұқсат алып, төрт-бес бала жиып алып, оқуды бастайды. «Мен балаларды оқытуға, қойға шапқан аш қасқырдай, өте қызу кірістім», - деп Қазандағы пікірлесі әрі «қамқоршысы» Н.И.Ильминскийге хат жазады. Қазан университетінің профессоры Н.И.Ильминский – шынымен де Ыбырай Алтысариннің һәм қазақ халқының шынайы қамқоршысы ма еді? Бұл жөнінде Ыбырай Алтынсариннің көзқарасы өмір бойына өзгеріссіз болды ма? Осы және т.б. сұрақтарға да бірден жауап беру оңай емес...

Ыбырай Алтынсариннің өзге замандастары сияқты мәнсап пен шен қуалауына, ата-бабасынан бері басқарып келе жатқан өлкеде алаңсыз әкімшілік іспен шұғылданып, бақуатты өмір сүруіне толық мүмкіндік бар еді. Бірақ ол мұндай жолды таңдаған жоқ. Бірақ та Ресей үкіметі жергілікті ұлт өкілдері арасынан орысша оқыған адамдарды дайындаудағы басты мақсатын қатаң ұстанатын еді. Сол себепті де дәл осы қатаң қағидадан ұлт ұстазы Ыбырай Алтысарин де шет қалған жоқ. Мемлекеттік билік құрылымындағы қызмет ұлт ұстазының да өмірінде терең із қалдырған болатын. Яғни Ыбырай Алтысарин оқуын бітіріп келген соң кеңсе қызметіне араласуға тиіс еді. Осылайша Торғай уездік басқармасында шенеуніктік қызмет атқаруға тиіс болған. Сөйтіп кеңседегі іс жүргізуші, уезд бастығының аға көмекшісі, уездік сот қызметін біраз уақыт атқарады.

Асылы, әр дәуірде туған елінің мұң-мұқтажын жүрек елегінен өткізе туатын пассионар тұлғалар болады. Олардың елшілдік ересен қадамдарға баруына кешегі кеңестік пролетарлық дәуірде дәріптелетіндей, міндетті түрде «езілген, қаналушы таптың өкілі – қарақасқа пролетар» болудың қажеті жоқ екен. Мұның да жарқын мысалы – ұлт ұстазы Ыбырай Алтынсарин. Осылайша, тарихи дәуірдің өзі бодандықтың ауыр қамытын киген қазақ халқының рухани-ағартушылық бағыттағы зиялылар шоғырын қалыптастыра бастады. Осы азғана шоғыр ішіндегі ең көрнектілері ретінде тарихымызда өшпестей із қалдырған ұлт зиялылары – Шоқан Уәлиханов, Абай Құнанбайұлы болса, солардың ізін баса шыққан Ыбырай Алтынсарин Ресей империясының алыс қиырындағы бұратана атанған қазақ халқын білім мен ғылымға бағыттау арқылы, шәкірттерді орыстың, батыстың үлгілі мәдениетін, озық ой-пікірлерін негізге ала отырып тәрбиелеуге, қазақ халқын жаңаша оқу мен білім-ғылымға үндеді. «Қараңғы қазақ көгінде, өрмелеп шығып күн болам, Қараңығлықтың кегіне күн болмағанда кім болам?», - деп Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбайұлы негізін салған ұлт зиялылары шоғырының ХХ ғасыр басындағы көрнекті өкілі Сұлтанмахмұт Торайғыров жырлағанындай, тыңнан жол салу оңай емес еді. Қараңғылық – қашан да қараңғылық. Ресей билігі қазақ даласын рухани отарлауды барынша ашық әрі дөрекі түрде жүргізіп жатқан бұл тұста Ыбырай Алтысарин билік өкілдерінің, христиан мисионерлерінің ел арасындағы ұлт мүддесіне кереғар іс-әрекеттеріне тосқауыл қоюдың ең үмітті жолы білім деп білгені ақиқат. Сол үшін де ол халықты жаңаша білім мен ғылымға бағыттайтын школдар (мектептер) ашу, бұл оқу орындарына қамтылған шәкірттерге «Қырғыз (Қазақ) хрестоматиясы», «Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы», қазақ арасында мұсылмандықты өз дәуіріне сай ұстанудың шынайы қажеттілігі бойынша «Мұсылмандық әліппесі» қатарлы оқу құралдарын, көмекші нұсқамаларды жазуы Ыбырай Алтынсариннің ұлт алдында атқарған өлшеусіз еңбегі еді.

Ғасырлар бойы мызғымай, Ұлы далада салтанат құрған көшпелілер мәдениетінің, феодализмнің дәурені өтіп, индустриалдық төңкеріске негізделген капитализм артықшылыққа ие болатынын, бұдан әрі аграрлық өмір сүру тәсілі отырықшылық мәдениетке жол беретініне көзі жеткен Ыбырай Алтынсарин қазақ баласына жаңа дәуір білім ғылымын беруді, игертуді, озық елдердің, яғни өнер-білім бар жұрттардың жақсысынан үйренуді ұлт мұраты етуді көкседі. Бұл көксеуді ұлт ұстазы халыққа поэзия тілінде, қарапайым да түсінікті сипатта бере білді:

...Адамды құстай ұшырды;

Мал істейтін жұмысты

От пен суға түсірді;

Отынсыз тамақ пісірді,

Сусыздан сусын ішірді...



Ыбырай Алтысарин осылай Еуропа мен АҚШ-та жүрілген буржуазиялық төңкеріс нәтижесінде қарыштап дами бастаған ғылыми ашылымдар нәтижесінде ХІХ ғасырдың өзінде адамзат игілігіне жарай бастаған техникалық жаңалықтардың қазақ арасындағы жаршысы бола білді.

(жалғасы бар)

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет