11 -билет
1.Баланс өтімділігін талдаудың мәні- активтегі өтімділік дәрежесі бойынша топталған қаражаттарды пассивтегі міндеттемелерін салыстыруда. Актив пен пассив баптары белгілі бір тәртіппен топталады, — өтімділігі жоғарылардан бастап өтімділігі төмендегілерге (актив), яғни өтімділігінің төмендеу тәртібі бойынша қайтару уақыты ұзақтардан қайтару уақыты қысқаларға қарай (пассив), яғни қайтару уақытын жоғарлату тәртібі бойынша болады. Кейде керісінше тәртіп болуы да мүмкін, мысалы батыс европалық елдерде осыны қолданады
Баланс өтімділігін анықтау үшін актив пен пассив бойынша келтірілген топтар жиындарын салыстыру керек. Баланс толық өтімді деп келесідей қатынастарда саналады:
А1 > П1 А2 > П2 А3 > П3 А4 < П4
2. Қаржылық талдау ұйымның ағымдағы талдауға мүмкіндіктер берумен қатар қажетті ұйымның дамуының перспективасын анықтайтын стратегиялық шешімді қолданудың алғышарты болып табылады. Қаржылық талдаудың қорытындысы болып ұйымның жағдайын, мүлігін, баланс активтері мен пассивтерін, капитал айналымдылығының жылдамдығын, қолданылатын құралдардың табыстылығын бағалау болып табылады.Жалпылай айтқанда, қаржылық талдау қаржылық менеджменттің негізгі элементі болып табылады және ұйымның ағымдағы қаржылық жағдайын бағалайды.Ұйымның қаржылық есептілігінің көрсеткіштерінің өзгеру динамикасын зерттеуге негізделген. Ұйымның қаржылық жағдайын талдаудың соңғы мақсаты болып соңғы бірнеше жыл ішіндегі ұйымның қаржы-шаруашылық қызметінің нақты көрінісін алу болып табылады, сонымен қатар оған әсер еткен негізгі факторларды анықтау. Бұндай ұйымның дамуының нақты көрінісі ұйымның менеджменті ұйымның болашақтағы қызметіне қатысты кешенді басқару шешімдерін қабылдай алады (ұйымдастыру, санкция, бейінінін өзгерту және т.б.)
12-билет
төлем қабілеті, төлем төлеуге қабілеттілік – мемлекеттің, заңды және жеке тұлғалардың төлем бойынша өз міндеттемелерін өздерінде бар ақшалай қаражаттың есебінен толық орындауға қабілеттілігі