«Балқаш қаласы жалпы білім беретін типтік мектеп-интернаты»кмм



Дата15.09.2017
өлшемі77,9 Kb.
#32519
«Балқаш қаласы жалпы білім беретін типтік мектеп-интернаты»КММ

Садуакасова Жанар Саятовна

Тақырыбы: « Білімнің жағып шырағын»

Мақсаты:

Білімділігі: Қазақтың ұлы ағартушы Ы.Алтынсариннің өмірі мен ағарту саласындағы халқына сіңірген еңбегін жан – жақты таныстыра отырып,оқушылардың өз бетімен білім алуына жетелеу.

Дамытушылығы: Жаңа сабақ материалдарын оқып – үйренуде оқушылардың белсенділігін арттыру,ойлау,іздену,зерттеу қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелеу: Оқушыларды Ы.Алтынсариннің өнегелі өлеңдері мен әңгімелерінен үлгі алуға,еліне,халқына,ұлы тұлғаларға деген сүйіспеншілігін арттыру.

Көрнекілігі: кестелер,слайд,тірек – сөздер

әдісі: слайдтармен жұмыс,көрініс көрсету,топтастыру

І. Ұйымдастыру

  1. Оқушылармен амандасу.

  1. Оқушылардың назарын аудару.

Психологиялық дайындық

Қуаныш бүгін ерекше

Шуағын шашып тұр әлем.

Білімнің түскен жолына,

Достарым,саған мың сәлем.

Ендеше,тілек тілейік,

Баршамыз ізгі ниетпен.

Тәуелсіз елдің өрені.

Жетейік биік белеске,

Білімнің жағып шырағын.

 -Балалар, бүгінгі өткізетін танымдық сабағымыздың кім туралы екенін білу үшін тақтаға

көңіл аударайық.Бұл кісі кім?

-Иа, өте жақсы Ыбырай Алтынсарин.Олай болса, келесі бөліміміз «Ұлы ағартушы өмірінен бір үзік сыр...» деп аталады. Бұл бөлімде ұлы ағартушы,педагог,ғалым Ыбырай Алтынсариннің өмірімен танысамыз.

-   Ағартушы ,педагог,жазушы,ғалым,балалар әдебиетінің атасы Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы қазіргі Қостанай обылысының Торғай жерінде дүниеге келген.Әкесінен жастайынан айырылған Ыбырай атасы Балғожа би тәрбиелейді.1857 жылы Орынбор шекаралық комиссиясы жанындағы мектепті алтын медальмен бітіреді.Мұнда орыс,араб,татар және парсы тілдерін жақсы меңгеріп шығады.

   Мектепті 1857 жылы бітіріп,атасы Балғожа бидің хатшысы ретінде тілмаштық қызмет атқарады.1864 жылы Торғайда қазақ балаларына арналып ашылған мектепте ұстаздық етеді.

   Сол замандағы қаражаттың жетіспеушілігі,мектеп үйі,құрал – аспаптардың жоқтығы да оны мұқалта алмады.Ол ауыл – ауылды аралап,халыққа білім беретін зиялы мектептердің артықшылығын түсіндірді.Өзінің насихатын халықтың жүрегіне жеткізе білген оған халық арасынан қолдау көрсетушілер табылды.Қаржы жинаудың ең алдымен өзі бастап,атасы Балғожаның еншісіне берген малын сатып,түскен ақшаны мектеп салуға жұмсады.Оқу үйі жетіспеген кезде,оқу – білім іздеген қазақ балаларын өз үйіне жатқызып оқытқан.

    Сол замнның ең озық білім ордалары саналған Петербург,Қазан қалаларына барып,орыс ағартушыларының еңбектерімен,орыс үкіметінің халыққа білім беру жүйесімен танысты.Солармен таныса отырып,қазақ балаларына арналған оқулықтар жасаумен айналысты.

   1879 жылы Ыбырай Торғай облысындағы мектептердің инспекторлығына тағайындалды.Осы жылы оның алғашқы қазақ тіліндегі оқулығы «Қазақ хрестомтиясы» Орынбор қаласында жарық көрді.Бұл «Қазақ хрстоматиясы» оқулығына енгізілген өлеңдер мен әңгімелерінің тәрбиелік,білімдік маңызы зор болды.Мысалы, (Кел,балалар,оқылық!), (Өнер білім бар жұрттар) сияқты оқырман қауымның жүрегінен шықты.Сонымен қатар «Қазақ христоматиясындағы» бірқатар өлеңдері шәкірттерді отаның сүюге,адамгершілікке,тәлім – тәрбиеге жетелейді.

     Ыбырай қазақ даласында бірінші болып қызыдарды білімге тартты.1887 жылы Ырғызда жанында интернаты бар қыздарға арналған мектеп ашты.

     Ыбырай Алтынсарин сонымен қатар жазушы да.Қазақ балаларының жас ерекшеліктеріне лайықтап,түсінікті етіп әңгімелер жазды.Ол орыс тіліндегі балаларға арналған көптеген шығармаларды қазақ тіліне жеңіл аудара білді.Ыбырай Алтынсарин ұлтымыздың халық ағарту саласында көп еңбек етті.Ол 48 жысында ерте қайтыс болса да,болашақ ұрпаққа тәлім болар мол еңбек қалдырды.Ыбырай Алтынсариннің еңбегі қазақ халқының мәдени және рухани дамуына,алдыңғы қатарлы озық мәдениетке жетуге игі ықпал етті.

 -Иа, сонымен ойымызды түйіндейік:


Қазақ әдебиетінің атасы,

Ұлы педагог, жазушы



Ыбырай Алтынсарин

(1841-1889)





Торғайда, Қостанайда мектеп,училище,лицей-интернат

ашқан

1841 жылы Торғай жерінде дүниеге келген

Ата-анасынан

жастайынан қалған

Атасы Балқожа бидің тәрбиесінде болған

Мақсаты:ұстаздық қылу, мектеп ашу, балаларды оқыту.

-Келесі бөліміміз «Білімднің күні жарық» деп аталады.Бұл бөлімде Ыбырай Алтынсариннің білім, өнерге шақырған өлеңдерін айтқызу.

- Сонымен қатар Ыбырай Алтынсарин аудармашы да болған. Көптілділік- заман талабы. Өзге ұлттардың өлең, шығармаларын аударған. Олай болса, бір екі әңгімесі мен өлеңдерін оқиық.

- Міне, әр ақын табиғаттың сұлулығына, әсемдігіне бас иген. Табиғаттың көркемдігін өз жырларына қосқан ақындардың бірі- Ыбырай аталарын.Олай болса, табиңат лирикасын тыңдайық.

«Өзен»
Таулардан өзен ағар сарқыраған


Айнадай сәуле беріп жарқыраған
Жел соқса, ыстық соқса бір қалыпты,
Аралап тау мен тасты арқыраған.
Қазақша, орысша, ағылшын тілінде табиғатқа байланысты өлеңдерңн оқушылар мәнерлеп айтып береді.

-Келесі бөліміміз «Әдептілік- тәрбие бастауы».



Көрініс көрсету.

«Әдептілік» Қатысушылар: оқымысты, бай, мұжық.

«Сәлем берем үлкенге»

Көшелерден біз өткен

Ата көрсем,

Жақын кеп,

Сәлем берем ізетпен:

«Ассалаумағалайкум!»- деп.

Алдан әже көрінсе,

Бөгелем де әдейлеп

Сәлемдесем сол тұста:

«Есенсіз бе,әжей !» -деп.

Ы.Алтынсариннің  «Таза бұлақ» әңгімесінен көрініс

Автор: Үш жолаушы бір бұлақтың басында бір – біріне кез болыпты.Бұлақ бір тастақ жерден шыққан,айналасы қалың біткен ағаш жапырақтары бұлақтың үстіне төгіліп,мұздай,салқын,шыныдай мөлдір тұрған сонша әдемі,таза бұлақ екен.

   Су шыққан жеріне бір қазандай тасты біреу қойып қорғаныш қылып,тастың суағар жеріне жазу жазыпты: «Әй,жолаушы,болсаң осы бұлақтай бол». Манағы үш жолаушы бұлақтан су ішіп қанған соң,жазуды оқып,былай депті:

   Саудагер: - Бұл жазылған ақыл сөз екен,бұлақ күн – түн тынбай ағып,алыс жерлерге барады,бара – бара кеңейіп,үлкйеді.Бұған бөтен бұлақтар құйып,сүйте бара үлкен өзен болып кетеді.Мұнан мұрат сол «сен де,адам,тынбай қызмет қыл,еш уақытта жалқауланып тоқтап қалма,сөйтсең,ақырында сен де зорайып мұратыңа жетесің» дегені ме деп білемін.

  Автор: Екінші жолаушы мүсәпір молда екен,басын шайқап:

  Молда:


  • Жоқ,мен олай ойламаймын,бұл жазудың мағынасы сіз ойлағаннан гөрі жоғарырақ соқса керек,бұл бұлақ кім – кімге болса да даяр,ыстықтағанда салқындатып,жанан рақаттандырады,сусағанның сусынын қандырады,оның үшін ешкімнен ақы дәметпейді.Бұлай болса адамға да ғибрат сол,біреуге жақсылық етсең,ол жақсылығыңды ешкімге міндет етпе дегені болса керек.

Автор: Үшінші жолаушы көркем келген әдемі жігіт екен,ол үндемей тұрды.

Жолдастары:



  • Сен не ойлайсың?

Жігіт:

  • Менің ойыма бөтен бір нәрсе келеді,бұл бұлақтың суы бір орында тынып тұрып,шөп – шалам,лай – қоқым болса,бұған адам мен айуан мұнша ынтық болмас еді,бұлақ күні – түні тынбай ағып тазаланып тұрғаны үшін ынтық болады.Олай болса жазудың мағынасы: көңіліңді,бойыңды осы бұлақтай таза сақта.Бұлаққа қарасақ,күн түссе күннің,шөп түссе шөптің сәулесін көреміз,көңілің осылай сыртқа ашық көрініп тұрсын дегені ме деймін.Ал,ендеше,жолымыздан қалмайық.

Автор: Осылайша үш жолаушы бұлақтың суына әбден қанып,ары қарай жүріп кетті.

-«Әке мен бала» көрнісі.

Сұраққа жауап.
І топ - Әңгіме неге әке мен бала деп аталған? Негізгі тақырыбы не? Ойларыңды дәлелдеңдер
ІІ топ - Әңгімедегі бала қандай? Ойларыңды дәлелдеңдер
ІІІ топ - Әңгімедегі әкеге мінездеме беріңдер. Ойларыңды дәлелдеңдер.
І топ – Еңбек туралы мақал - мәтелдер айтыңдар.
ІІ топ – Балаға қандай кеңес берер едіңдер.
ІІІ топ – Ы. Алтынсаринның осы әңгімеге ұқсас қандай әңгімесін білесіңдер?
Қорытынды шығару.
Ы. Алтынсарин өлеңдерінің ерекшелігі?
Ы. Алтынсаринды «Әңгіме шебері» деп өздерің жаңа айттыңдар. Ендеше қандай әңгімелері бар екенін еске түсірейік.
«Әке мен бала» әңгімесін талдау. Әңгімені магнитофоннан тыңдау.
1. Шығармашылық жұмыс. Ой толғау.
1. «Ыбырай Алтынсарин – қазақ арасынан шыққан тұңғыш кемеңгер адам еді, ол өзінің қараңғы, көшпелі халқының ішіне еуропалық мәдениеттің жарық сәулесін таратты»
«Оренбурский листок» газетінен
2. Ы. Алтынсаринды неге «Балалар әдебиетінің атасы» деп атаған?
3. Ыбырай атама хат.
Қосымша дерек.
Қазақ әдебиетінде педагог - жазушының көркем бейнесі жасалуда.
Мысалы, белгілі ақын Ғафу Қайырбеков " Дала қоңырауы" поэмасын, М. Ақынжанов " Ы. Алтынсарин " пьесасын, Жайсаңбек Молдағалиев "Алғашқы ұстаз" романы жазды, Кинофильм түсірілген. Қостанайда ескерткіші бар т. б.

 

 



 

 

 



 

 

С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп- гимназиясы



Тақырыбы: « Білімнің жағып шырағын»
Жақсыбай Г.Ж.

Балқаш қаласы.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет