Балқаш көліне сипаттама



бет2/3
Дата04.04.2023
өлшемі6,73 Mb.
#173650
1   2   3
Байланысты:
эко 8

Балқаш экологиясы

  • Балқаш көлі алабындағы табиғи ресурстарды (әсіресе, су қорларын) тиімсіз пайдаланудың нәтижесінде Қазақстанның оңт.-шығыс аймағында 20 ғ-дың аяғында қалыптасқан табиғи, әлеуметтік және экономикалық жағдай. Оны негізгі 2 себеп тудырды. Ішкі себеп — Қапшағай су электр стансасының салынуына байланысты (1970) Іле өз. арнасының бөгелуі. Оған дейін Балқаш к-нің экол. тепе-теңдігін көлге құятын өзендер суы мен көл айдынынан буланған ылғал мөлшерінің тұрақтылығы қамтамасыз ететін. Жыл сайын көл алабындағы 15,0 км3 су қорының 11,9 км3-і (80%) Іле өз-мен келсе, қалған 3,0 км3 су көлдің батыс бөлігінен шығыс бөлігіне ығысатын. 1970 — 85 жылдардағы Балқаш к-не құятын өзендер суының жалпы ағыны 14,9 км3-ден 11,8 км3-ге кеміді, яғни, көл жылына шамамен 3,0 км3 су жоғалтып отырды. Көл алабынан алынатын су мөлш. жылына 7,0—8,0 км3-ке дейін өсті (1-сурет), оның 6,5 км3 суы егін суаруға, Қапшағай және басқа да бөгендерді толтыруға жұмсалды.

Флорасы

  • Балқаштың флорасы мен фаунасы алуан түрлі. Талды ормандары тораңғы және жыңғылды шағын тоғайлармен ұштасып жатады. Сулы жерлердің бәрінде де қамыс, жөке, құрақтар өседі. Осы ну тоғайлы, қоғалы жерлер көптеген сүтқоректілердің, құстардың, балықтардың тіршілік алаңы сияқты. Балқаш өңірінде сасыр, жусандар мен араласа өскен қызғалдақ пен бәйшешекте даланы ерекше сәнге бөлеп тұрады. Осы көріністерге асқақтықпен 1000 метрлік биіктіктен қарап Бектауата тау алабы созылып жатыр. Бұл аймақтың өсімдіктері әсіресе елсіз даладағы шабындықтар мен батпақты жерлердегі өсімдіктер өзара үйлесімдік тауып далаға ерекше нәр беріп тұрады. Олар: сексеуіл, жыңғыл, жусан, қарандыз, мия, түйетікен және сасыр.

Фаунасы

  • ХХ ғасырдың 50-жылдарына дейін бұл жерде хайуанаттар қожасы жолбарыс болған. Өтуге болмайтын шытырман тоғайдың арасынан жабайы шошқаны да кездестіруге болады. Іле өзенінің атырауын секемшіл елік, сайғақ пен қарақүйрық, түлкі мен борсық мекендейді.
  • Балқаш өңірін әр түрлі құстар мекендейді. Көлдің шеткері түпкірлерінде қызғылт және бұйра бірқазан құстар ұя салып бакландармен бірге үлкен сап түзеп көлде жүзіп жүреді. . Құстардың 120 түрі кездеседі, олардың 12-сі Қызыл кітапқа енгізілген. Бұл аймақ – өте сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктерге толы.
  • Балқаш фаунаға бай. Көл түбінде моллюскілер, судағы ұсақ жәндіктердің дернәсілдері, шаян тәрізділер тіршілік етеді. Батыс бөлігі планктонға бай. Көлде балықтың 20-дан астам түрі бар, мұның 6 түрі ежелден көлдің өзінде өскен балықтар (Іле, Балқаш көкбасы, Балқаш алабұғасы, т.б.), қалғандары басқа жақтан әкелінген (карп, аққайран, шип, көксерке, Арал қаязы). Ауланатын балық (жылына 9 – 10 мың т) – сазан, көксерке, Балқаш алабұғасы, маринка, аққайран. Көл суы жағалауындағы өнеркәсіп орындары (Балқаш кен-металлургия комбинаты, т.б.) мен елді мекендер қажетіне пайдаланылады. Жылы мезгілде Балқашта су көлігі қатынайды. Басты айлақтары: Балқаш, Бурылбайтал, Бөрлітөбе.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет