Диспансерлік бақылау
ЖП-тен кейін 3 жыл бойына жүргізіледі. Клиникалық
тексеру, зәрді амилазаға зерттеу, копрограмма, УДЗ бірінші жылы квартылына бір рет, одан
кейін жылына екі рет жасалады.
10.1.8. СОЗЫЛМАЛЫ ПАНКРЕАТИТ
Созылмалы панкреатит (СП)
–
паренхимасының фиброзы және экзокриндік
жетіспеушілігі дамуымен сипатталатын, ұйқы безінің қабынулы-дегенеративті ауруы.
Этиологиясы.
СП
әдетте, басынан өткен ЖП-ның нәтижесі (ақыры), сондықтан
ЖП-нің себептерін СП – тіңде себептері деп санауға болады. Созылмалыға ауысуға
себепкер болады:
- генетикалық бейімділік;
- бездің өзектік жүйесінде обструкцияға, қысымның артуына әкелетін гепатобилиарлы
және гастродуоденальды аурулар;
- дисметаболикалық бұзылыстар (гиперлипидемия, гиперпаратиреоз, қанттық диабет);
- жүйелік аурулар (муковисцидоз, саркоидоз, қызыл жегі және басқалар);
Патогенезі.
СП-ның қалыптасуының үш механизмін бөледі:
1.
Обструктивті.
Вирусттік өзекте қысымның көтерілуі сөлдің өзектен тыс жерге
шығуына және ацинарлық жасушалардың зақымдалуына әкеледі;
2.
Дисметаболикалық.
Ұйқы безінің ұсақ өзектерінде белоктық масса тұнады да, одан
әрі айналасындағы интерстициальды тіндер қабынып, фиброз дамиды.
3.
Иммунопатологиялық.
Ұйқы безінің тіндерінің ыдырау өнімдері антиген болады да,
арнайы сенсибилизацияны артырып, аутоантиденелер пайда болады.
Ациноларлы тіндер атрофияланып, өзектердің тарылуы қалыптасып, перидуктуляр-
лы фиброз пайда болады, ұсақ өзектер тарылып, кистілер мен псевдокистілер байқалады.
СП-тің ақыры – ұйқы безінің склерозы.
Достарыңызбен бөлісу: |