Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет1019/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   1015   1016   1017   1018   1019   1020   1021   1022   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

Патогенезі.
 
Ұйқы безі зақымдалғанда қабыну реакциясы дамып, лизосомальдық
ферменттер түзіледі, олар безді зақымдайтын, ферменттерді (трипсиноген)
интрапанкреатикалы активтейді.
Қанда биологиялық активті заттардың көбеюіне байланысты волемиялық және
микроциркуляторлық бұзылыстар дамиды, коллапс болуы мүмкін.
Жіктелісі.
 
Бөлінеді:
1.
интерстициальды (ісікті-серозды) ЖП;
2.
деструктивті (панкреонекроз) ЖП;
Клиникалық көрініс.
 
Балаларда негізінен интерстициальды ЖП кездеседі. Онда
негізгі шағымдары – іштің ауруы:
- қарқынды, қадалған, ауырсыну сезімімен, іш кебуімен, кекірумен қосарланады;
- эпигастрияда немесе кіндік аймағында орналасады;
- көбіне сол қабырға астына, сол жақ белге тарайды;
- қайталанатын сипатты құсу байқалуы мүмкін. Дене қызуы қалыпты немесе субфиб-
рильді.
Қарағанда анықталады:
-
бетінің бозғылтығы немесе гиперемиясы;
-
тахикардия, артериялық гипотензияға бейімділік;
-
іші аздап кебеді, кейде эпигастрияда бұлшық еттердің ризистенттілігі анықталады. 
-
Мейо-Робсон, Френкель, Бергман және Кальк белгілері анықталады, Шоффар айма-
ғында, Мейо-Робсон және Кача нүктелерінде тұрақты ауырсыну анықталады.
Пальпациядан кейін іштің ауруының арыта түсуі тән болып келеді.
Қан анализдерінде шамалы лейкоцитоз, нейтрофилез, кейде АЛТ аздап арытуы,
гипогликемия болуы мүмкін. Интерстициальды панкреатитте гиперферментемия (амилаза,
липаза, трипсин) орташа болады, ұзаққа созылмайды.
Деструктивті ЖП балаларда сирек кездеседі. Оған тән:
- өте қарқынды , қайтпайтын, тұрақты ауырсыну;
- тоқтамайтын құсу;
- гемодинамикалық бұзылыстар : шок, коллапс ;
- ішінде, сиректеу бетінде және аяқ-қолында тері асты шел майының майлық
некрозы болуы мүмкін; 
- дене қызуы субфибрильді немесе фибрильді.
626


Қарағанда анықталады
:
-
пульс жиілігі, әлсіз, артериялық гипотензия;
-
іші кепкен, керілген, іштің алдыңғы қабырғасының керілуіне байланысты
пальпациялау қиындайды;
Қан анализінде – айқын нейтрофильді лейкоцитоз, ЭТЖ ұлғайған, тромбоцитопе-
ния. Гиперферментемия, әдетте айқын, тұрақты.
Панкренекроз асқынуы мүмкін:
- ерте – шок, бауыр жетіспеушілігі, бүйрек жетіспеушілігі, ТІШҰ, қан кету, қант диабеті;
- кеш – ұйқы безінің псевдокистілері, ұйқы безінің іріңдігі және флегмонасы, жылан көз,
перитонит.
ЖП ауыр түрлерінде өлім себебі – шок, қан кету, іріңді перитонит.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   1015   1016   1017   1018   1019   1020   1021   1022   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет