11.1. БИЛИАРЛЫ ЖОЛДЫҢ ДИСФУНКЦИЯЛЫҚ БҰЗЫЛЫСТАРЫ
Билиарлы жолдың дисфункциялық бұзылыстары
(БЖДБ) –
ішекке
өттің өтуін бұзуға әкелетін, 3 айдан ұзақ әсер ететін өт қабының және өт өзектерінің
моторикасының және/немесе сфинкторлық аппаратының тонусының бұзылысы және
дискоординациясы.
Этиологиясы.
Провокациялаушы факторлар болып келеді:
- жағымсыз тағамдар (майлы және қуырған тамақтарды көп қабылдау);
- ішек паразитоздары (әсіресе лямблиоз);
- кейбір инфекциялар (жедел гепатит, сальмонеллез, дизентерия);
- тағамдық аллергия;
- дуоденит, ойық жара ауруы, бауыр, ішек аурулары, дисбактериоз;
- физикалық және психоэмоциялық салмақтың деңгейінің сәйкесіздігі;
Патогенезі.
Ауру механизмі байланысты:
- нейроциркуляторлы дисфукнциялар және невротикалық реакцияларда
нейрогуморальдық реттеудің бұзылуларына;
- өт қабының деформациясы;
- патологиялық висцеро-висцеральдық рефлекстену.
Достарыңызбен бөлісу: |