Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет1030/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   1026   1027   1028   1029   1030   1031   1032   1033   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

Ажырату диагнозы.
Жедел холецистит (жедел холецистохолангит ) – өт қабының жедел қабынуы.
Балаларда сирек кездеседі, ер балаларда қыз балаларға қарағанда 2 есе жиі
байқалады. Маңызды бейімдеуші фактор ретніде өт қабында өттің тоқырауы
қарастырылады. Оған тән: 
-
дене қызуы фибрильды цифрға дейін күрт көтерілуі;
- іштің оң жақ бөлігінде, кейде іштің барлық бетінде ұстама тәріздес ауырсыну.
Ауырсыну ұсатмасы бірнеше минуттан бернеше сағатқа дейін созылады. Оң жақ
қырына жатқанда ауырсыну арыта түседі: 
- жүрек айну құсу;
- интоксикация белгілері: түсі бозғылт, құрғақ, ерні мен ауыз қуыс кілегейлері құрғақ,
тілінде жамылғы байқалады, басының ауруы, тәбетінің жойылуы, нәжісінің тоқтауы,
тахикардия;
- сарғаю байқалуы мүмкін (50%).
Ішін қарғанда, оның аздап кепкені, жоғарғы бөліктерінің тыныс алудан қалыс қалуы
байқалады. Пальпациялағанда іштің алдыңғы бетінің оң жағында және қабырға астында
керілуі (ригидтігі) анықталады. Әдетте, Мендель, Ортнер белгілері, жиірек Щеткин-
Блюмберг белгілері анықталады. Қан анализінде нейтрофильді лейкоцитоз, ЭТЖ
жоғарлауы байқалады. 
Созылмалы холецистит – өт қабының қайталанатын қабынулы ауруы. Жиірек
созылмалы холецистит басынан өткен гепатиттен кейін дамиды, жиі холелитиаз және
дуоденобилиарлы рефлюкспен бірге жүреді. Холециститттің дамуына өт жолдарының
ақаулары, дисхолия, дисбактериоздар себепкер факторлар болып есептеледі. Балаларда
сирек кездеседі. 
632


Дискинезиядан айырмашылығы
 
холециститке айқын интоксикациялық көрініс-
термен өршу кезеңдері, стререотиптігі, субфибрильді температура тән болып келеді. 
Балаларда созылмалы холециститке тән:
-
сол жақ қабырға астында ауырсыну;
-
диспепсиялық, қабынулы-интоксикациялық, астеновегетативті, холестатикалық
синдромдар тән.
Холециститте балаларда объективті оң жақ қабырға астында бұлшық еттің керілуі,
Ортнер, Мерфи, Мендель симптомдары, пальпациялағанда Шоффар үшбұрышында
ауырсыну анықталады. 
Лабораторлық зерттеулерде холециститте активтілік көрсеткіштері жоғары (гипер-
гамма-глобулинемия, гиперфибриногенемия, ЭТЖ жоғарлауы, лейкоцитопения) болады. 
УДЗ-да кілегей қабатының қалыңдауы (1,5 мм-ден артық), өт қабығының
қабырғасының гиперэхогендігі, сонымен қатар өттің біркелкі болмауы диагнозды
холециститтің пайдасына шешеді. 
Дианостикада өт құрамының өзгеруініңде маңызы ерекше:
- арахидон және леин қышқылының азаюы, пентадекан және медисты май қышқылы-
ның жоғарлауы;
- G және А иммуноглобуллиндерінің, R-белоктардың, С-реактивті протеиннің концен-
трациясының жоғарлауы;
- ферменттердің (5-нуклеотидаза, сілтілік фосфатаза) жоғарлауы; 
- лизоцимнің төмендеуі.
Қанда трансаминазадардың, билирубиннің және ß-липопротеидтердің жоғарлауы
мүмкін.
Өттас ауруы
 

өт қабында немесе өт өзектерінде тастың пайда болуымен
сипатталатын дистрофиялық-дисметаболикалық ауру.
Балаларда олардың себептері
болуы мүмкін: 
-
күшті (айқын) гемолиз байқалатын аурулар;
- отбасылық гиперхолестеринемия;
- гепатит және билиарлы жүйенің қабынулық зақымдалулары;
- холестаз дамуға әкелетін факторлар (мысалы, муковисцидоз);
- қант диабеті.
Патогенезінде өттің тоқырауы, дисхолия, қабыну маңызды болып келеді. Көп
жағдайда холелитиаз жасырын дамиды. 
Клиникалық көрінісі холециститтің немесе өт жолдарының обструкциясы белгілері –
өт коликасымен білінеді
(111 кесте)
. Асқынуы (өт қабының шемені, эмпиемасы немесе
гангренасы) балаларда сирек кездеседі.
Диагностикада сонография, рентгенохолецистография, компьюторлық томография
маңызыды орын алады. Конкремент құрамын анықтау үшін тастың құрамын зерттеу
маңызды. 
111 КЕСТЕ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   1026   1027   1028   1029   1030   1031   1032   1033   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет