Минеральды
сулар
Жоғарға, орташа минеральды,
дене температурасында магний
сульфаты күніне 2 рет 300-400мл-
ден
Гидрокарбонатты-хлоридті-натрий,
төмен минеральды, газы төмен, жылы
күйде, күні 5-6 рет аз бөлікпен;
Фитотерапия
Жүгері үлпегі, солмасгүл, зире,
жалбыз, мыңжылдық
Шайшөп, түймедақ қайнатпалары
Өт коликасы ұстамасы кезінде мүмкіндігінше ерте ауырсыну синдромын басу. Ол
үшін ішуге 0,1% атропин (әр қабылдағанда әр жасына 0,5 таммшыдан) немесе белладонна
(1мг 1 жыл жасына) сығындысын (экстрактасын), папаверин, но-шпа, спазмалитин,
теофиллин немесе теобромин қолданылады. Тиімділігі толық байқалмаса, бұлшық етке
баралгин немесе платифиллин, атропин сульфаты, папаверин, ганглиоблокаторлардың
орташа дозасын егеді. Колика ұстамасы басылмаса, атропинмен қосып промедол немесе
пантопон жасалады.
Созылмалы холециститте БЖДБ-ның түріне сәйкес жүргізілетін емдәм мен (жедел
кезінде тұз, май және ақуызды шектеп механикалық аяушы) және симптоматикалық еммен
қатар, өршу кезінде никодин немесе оксафенамид, циквалон, фуразолидон тағайындалады.
Витаминотерапия (жедел кезеңде А, С, В
1
, В
2
, РР, одан кейін В
6
, В
12
, В
15
, В
5
, Е
дәрумендері) міндетті түрде жүргізіледі.
Өттас ауруында литолитикалық заттар (негізіне холестериндік өт тастарында) –
урсофальк (10 мг\кг), литофальк (7 мг\кг) 6-24 айдан курс ретінде қолданылады. Бұндай
ем көмектеспесе, холецистэктомия жасалады.
Диспансерлік бақылау БЖДБ-да 1 жыл бойына жүргізіледі. Аяушылық емдәм,
физикалық салмақты шектеу, ЕДТ жүргізіледі. Жергілікті санаторияларда емделу керек, ал
3 айдан кейін минеральды сулары бар (Старая Русса, «Минеральные воды», Ессентуки,
Нальчик) бальнеологиялық курорттарда емделу қажет.
Достарыңызбен бөлісу: