11.2. СОЗЫЛМАЛЫ ГЕПАТИТ
Созылмалы гепатит
(СГ) – бөліктік құрылымы бұзылмайтын бауырдың
полиэтиологиялық қабынулық-дистрофиялық-пролиферативті созылмалы зақымдалуы.
ДДҰ мәліметі бойынша дүние жүзінде 1 млрд адам В вирусты гепатитпен
инфекцияланған, соның ішінде 400 млн осы инфекцияны тасымалдаушы болып келеді.
10-25% жағдайда вирусты гепатит В созылмалы тасымалдаушылығы бауырдың ауыр
ауруына айналады. Туа біткен В гепатитте аурудың созылмалыға айналуы 90% жағдайда
байқалады. Дүние жүзінде 500 млн жуық адам вирус гепатиті С тасымалдаушысы болып
келеді, ал оның 65-75%-да болашақта СГ қалыптасады, оның ішінде 10-205-да СГС -
бауыр циррозы, 15% - гепатома қалыптасады.
Достарыңызбен бөлісу: |