Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


Жіктелісі . Кезеңін (өршу, сауығу), аурудың ауырлық дәрежесін көрсетеді. Целиакияның клиникалық көрінісі



Pdf көрінісі
бет1054/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   1050   1051   1052   1053   1054   1055   1056   1057   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

 Жіктелісі
.
Кезеңін (өршу, сауығу), аурудың ауырлық дәрежесін көрсетеді.
Целиакияның клиникалық көрінісі
кезкелген жас шағында байқалуы мүмкін.
Балаларда көбіне ауру, құрамында глютен бар тағам бере бастағанда, 9 -24 ай аралық-
тарында, ересек адамдарда 30 жастан кейін байқалады. Белгілері полиморфты және көбіне
ішектен тыс иммунопатологиямен ассоцияланады. Негізгі белгілері болып келеді:
- полифекалия
– жеген тамақтың 5% артық болып келетін көп мөлшерлі нәжіс;
644


- стеаторея
– нәжістің сасық шіріген иісті, сұрғылт түсті, өзіне тән майлы жылты-
рауықты болуы, копрограммада бейтарап майлардың, әсіресе май қышқылдарының,
көп мөлшерде көбеюі;
- айтарлықтай ару 
– жайылған тері асты шел майының, әсіресе кеудесінде, аяқ-қолын-
да, құйрығында жойылуы;
- Дельбе псевдоасциті
– ауруға сәйкес келетін атониялық үлкейген ішек ілмектірінің
ішіне сұйықтық жиналуына және гепатоспленомегалияға байланысты іштің үлкейіп
кебуі. Аяқтарында ақуызсыз ісіктер;
- Ауру ұзақ дамыған жағдайда бойның өспей қалуы;
- науқастың мінезінің өзгеруі: көңілі жабыңқы, күйгелек, ашулаңшақ, невропатиялық
эгоистикалық көріністер – «бақытсыз бала синдромы»;
- поливитаминдер жетіспеушілігі белгілері: терісі құрғақ, атрофиялық глоссит, ангу-лярлы
стоматит; анемия (темір және дәрумендер жетіспеушілігі); рахит белгілері; тістердің,
тырнақтардың, шаштарының дистрофиялық өзгерістері; кенеттен сүйек сынуы
байқалуы мүмкін (кальций мен Д -дәруменінің тапшылығы).
Аурудың ағымы толқын тәріздес сауығу кезеңі бірнеше айдан бірнеше жылға дейін
созылуы мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   1050   1051   1052   1053   1054   1055   1056   1057   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет