Екіншілік лакатазалық жетіспеушілік
аш ішектің әртүрлі инфекциялық-
қабынулық ауруларында, дистрофиялық процесстерде, аллергиялық ауруларында, дәрілік
әсерлерде, сонымен қатар целиакияда кездеседі.
Дегенмен, тек целиакияда ғана ЛЖ
дисахаридаза жетіспеушілігінің басқа түрлерімен (сахаразалық, мальтазалық,
изомальтазалық) қосарланады.
Екіншілік ЛЖ сүт ішкесін 1-1,5 сағаттан кейін ішінің кесіп ауыруы, кебуі, құрылдауы
және кейде жүрек айну, әлсіздік сиқты интоксикация белегілерінің пайда болумен білінеді.
Нәжісі жиіленеді, ащы иіс байқалады. Тағам құрамынан сүтті алып тастаса диспепсиялық
бұзылыстар тез (бір тәулік ішінде) жойылп кетеді, ал сүтті қайта бере бастаса қайталайды.
ЛЖ диагнозы аурудың айқын (манифесті) түрлерінде анамнезге сүйеніп және
лактозасыз әмдәмнің тиімділігіне байланысты қойылады. ЛЖ-нің субклиналық түрлерінде
қосымша зерттеу қажет (лактозотолерантты тест-ЛЖ болса гликемиялық қисық сызық
жалпайған; сутегілік тыныстық тест лактозамен салмақ түсіргеннен кейін ЛЖ-те
шығаратын ауада сутегі концентрациясы 0,1 мл/мин)- ден артық болады; зәрдегі лактоза
хроматографиясы.
ЛЖ емі төмен лактозалы және лактозасыз емдәм тағайындауға негізделген. Құра-
мында лактоза бар қоспалар қолданғанда лактаза препараты (тилактаза), саңырауқұлақтық
(грибоктар)- лактраза- және бактериялық бета- галактозидаза беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |