Емі.
Целиакиямен ауырған науқастарды емдеуде емдәм ерекше орын алады:
1. өмір бойына құрамында глютен бар тағамдарды (манная, арпа, сұлы, бидай жарма-
лары, бидай, қара бидай, арпа астығы, қара кебектер, кептірілген нандар, ащытылған
нандар, печенье, вафльдер, торттар, пирожныйлар, балмұздақ, сосискалар,
сарделькілер, колбасалар, майонез, тәттілер, карамель, еритін кофе, қыша) бермеу;
2.
баланың негізгі тағамдық заттарға және энергияға физиологиялық мұқтаждығын
құрамында глютен жоқ өнімдер есебінен қамтамасыз ету.
В, А, С, D дәрумендерін, кальций препараттарын, парентеральды темір
препараттарын қолдану тиімді. Кей жағдайларда ферменттер (панкреатин, креон,
панцитрат және басқалар) қолданылады. Кейбір аруларда (20% дейін) аглютенді емдәмді
сақтамаған ішек ісігі-лимфома дамиды.
Балаларда целиакияның алдын алуға мүмкіндігінше тағам құрамына манная және
арпа ботқаларын кеш (ең болмағанда 12 айдан кейін) енгізу, аглютенді емдәмді ұзақ
сақтап, өршуінің алдын алу.
Достарыңызбен бөлісу: |