Емі. Ақуыз мөлшері жоғарлатылған, бірақ жануар тектес майлар айтарлықтай
шектелген жанжақты емдәм ұсынылады. Сорылуы ішек лимфа жүйесінің араласуысыз
жүретін және интестинальды лимфа тамырларында қысымды төмендететін болғандықтан
құрамында орташа шынжырлы майлы қышқылдар бар триглицеридтер ұсынылады. Ас
тұзын шектейді. Өсімдік майы, дәрумендердің үлкен дозаларыферменттер, липотропты
заттар, анаболикалық гормондар тағайындалады. Кейде глюкокортикоидтар беріледі. Ісік
синдромын емдеу үшін альдостерон антогонисі альдактон қолданылады Плазма мен
альбуминді қолдану уақытша нәтиже береді. Сидропения және гипокальцемияда
парентерально темір және кальций препараттары тағайындалады. Шет елдерде арнайы
қоспалар қолданылады.