Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет1063/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   1059   1060   1061   1062   1063   1064   1065   1066   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

Болжамы
 
біріншілік экссудативті энтеропатияда
 
онша жағымды емес.
12.3.3. БЕЙАРНАМАЛЫ ЖАРАЛЫ КОЛИТ
647


Бейарнамалы жаралы колит (БЖК)

 
алғашқыда көбіне дистальды
бөлігінде орналасатын, кейін біртіндеп проксимальды бағытта тарап, біртіндеп тоқ
ішеке толық жайылатын, және жиі басқа мүшелерді (буындар, бауыр, тері, көз)
зақымдайтын, тоқ ішектің клегей қабатының эрозиялы-жаралы сипатты
некрозданатын қайталама қабынуы. Европада БЖК 100000 халыққа шаққанда 1,5-2
балада кездеседі. 
Этиологиясы.
 
Аурудың пайда болуын тұқым қуалауға бейімділікпен және сыртқы
ортаның әсерімен түсіндіреді. БЖК-ке тікелей бейімдік білдіретін ген идентификациялан-
баған, ол ақау 2-ші, 6-ші, 7-ші хромосомаларда орналасады деген болжам бар. БЖК дамуы
DR2 локустарымен, мүмкін гистосәйкестіктің бас кешені DR3, DQ2 байланысты болуы
мүмкін. 
БЖК-тің пайда болуында сыртқы ортаның рөлінің дәлелдері:
-
ішекте орналасқан инфекциялық қоздырғыштар (кампилобатер, шигеллдер, амебалар,
иерсиниялар, хламидиялар, микобактериялар), аурудың қайталауына және ішектен тыс
белгілердің болуына ықпал етуі мүмкін;
- персистеуші вирусты инфекцияның ішек қабырғасының капиллярларының эндотелия-
сының зақымдалуында, васкулит, ишемияның, қабынудың дамуында маңызы бар;
- Сүтті көтереалмау БЖК -ның даму қаупін артырады;
- БЖК-пен ауыратын балалардың анамнезінде психикалық статустың және нервтік-
психикалық салмақтың шектен тыс екені анықталады;
- БЖК-тің кеңінен тарауы өндірістік жоғары дамыған мемлекеттерде, қалада дамып
келе жатқан елдер мен ауылдық жерден жоғары болып келеді.
Сыртқы орта факторлары, ауруға генетикалық бейімділігі бар адамдарда
патологиялық процесстің реакциясын қозғап жіберетін, триггер ретінде қарастырылады.
Патогенезі.
Зақымдаушы агенттер (ішек микрофлорасының анигендері, тағамдық
антигенедр) ішек эпителиясына қарсы антидене қалыптасуы байқалатын иммундық
жауапты стимуляцитялайды деген гипотеза бар.
- БЖК-мен ауыратын науқастардың көбінде Н1 аутоантигенге перинуклеарлы антинейт-
рофильді антидене (р-ANCA) анықталады;
- БЖК-мен ауыратын науқастарда тоқішек, өт өзектерінің, терінің, буындардың және
көздің жасушаларының мемранасының құрамына кіретін тропомиозиндер тобына
кіретін арнайы белокқа антидене анықталады.
Ішектің созылмалы қабынулы ауруларына клегей қабатының, мүмкін антгендердің
көп мөлшерде болуына байланысты, иммундық жүйесінің реттелуінің бұзылуы тән. Бұл
бұзылыстар ықпал етеді:
-
Тх1 және Тх2-лимфоциттер популяциясы арасындағы тепетеңдіктің созылмалы
өзгерістері;
-
проқабыну цитокиндерінің (IL-1, IL-8, TNF) экспрессиясы;
-
цитотоксикалық Т-жасушалардың, В- лимфоциттердің, макрофагтардың және «мес»
клеткалардың активтелінуі;
- көп мөлшерде қабыну медиаторларының және жасушалар үшін улы заттардың (лейко-
триендер, оттегі радикалдары, эластазалар, коллагеназалар, протеазалар, комплемент
факторлары, гистамин) түзілуі;
- тоқ ішек кілегей қабатында қабынулық өзгерістердіғң пайда болуы.
Қазіргі кезде зерттеулердің көп болуына қарамастан, пайда болу механизмі толық
ашылмай отыр. Иммунологиялық, соның ішінде аутоагрессиялық, реакциялар табиғаты
екіншілік болып келеді деген пікір бар. 
Жіктелісі.

Бейарнамалы жаралы колитті бөледі: 


аурудың ағымы бойынша;
а)
жедел (фульминантты),
б)
созылмалы (рецидивті,
үзілісіз рецидивті);
аурудың фазасы бойынша (өршу, сауығу);
648


зақымдалудың орналасуы бойынша:
а)
шеткі (дистальды) колит (проктит,
проктосигмодит), 
б)
 солжақ колиті, 
в)
 субтотальды колит, 
г)
 тотальды колит;
ауырлық дәрежесі бойынша: 
а)
 жеңіл түрі, 
б)
 орташа ауыр түрі, 
в)
 ауыр түрі.
БЖК-тің


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   1059   1060   1061   1062   1063   1064   1065   1066   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет