Клиникалық көрінісі.
В
12
дәрумені жетіспейтін анемия
ішкі Касл факторы
болмағанда немесе транскобаламин жетіспеушілігінде балалар өмірінің екінші жарты
жылдығында байқала бастайды. Мегалобластикалық анемиясы белегілерімен қатар
(бозғылттық, тері мен көз клегейінің сарғыш (иктериялық) тартуы, әлсіздік, тәбетінің
төмендеуі), глоссит, кһбіне тілдің ауруы және афталармен, жұлы ндағы дорсолатеральды
дегенеративті өзгерістер нәтижесінде нерв жүйесіндегі өзгерістер (атаксия, парестезия,
гипорефлексия, клонустар, патологиялық рефлекстердің пайда болуы), жүрек
шамасыздығының орташа белгілері (миокардтың энергетикалық динамикалық
шамасыздығы), диарея, талақ пен бауырдың орташа ұлғаюы тән болып келеді. Шеткі
қанда гиперхромия, макроцитарлы мегалобластық өзгерістер, нейтропения
(нейтрофилдердің мөлшері үлкен), тромбоцитопения байқалады. Зәрде метилмалонды
қышқылдың көп мөлшерде бөлінуі (фоль қышқылы жетіспеушілігі анемиясымен ажырату
белгісі ретінде қолданылады) анықталады. Қанда
В
12
дәруменінің деңгейі төмен болады.
Достарыңызбен бөлісу: |