Болжамы.
Егер аурулар жедел кезеңін басынан өткізіп жатса, олардың жартысында
ПАА жеделдеу түріне айналады. Жедел түрін басынан өткізген ауруларда лейкоз, ісік,
түнгі пароксизмальды гемоглобинурияның даму қаупі бар.
14.1.6. ГЕМОРРАГИЯЛЫҚ АНЕМИЯЛАР
Анемиялардың бұл түрі
жедел немесе созылмалы қан жоғалту салдарынан
дамиды
. Жедел қан кету анемиясы құрсақішілік кезеңде плацентадан анасына қан құйылу
түрінде, кіндік тамырларының жарақатында байқалуы мүмкін. Туылғаннан кейінгі қан
кету геморрагиялық диатездерде, лейкозда, апластиакалық анемияларда, асқазан-ішек
жүйесіндегі жаралар және т.б. жағдайларда кездеседі. Жиі ересек балаларда анықталады.
Геморрагиялық анемиялардың
Достарыңызбен бөлісу: |