Болжамы.
Науқас баланың
¼ -
інен астамы
шетінейді деген мәлімет бар.
14.1.5. ПАЙДА БОЛҒАН ГИПО- ЖӘНЕ АПЛАСТИКАЛЫҚ АНЕМИЯЛАР
Пайда болған гипо- және апластикалық анемиялар (ПГАА
) – торлы
сүйек майының қан түзу функциясының тежелуінен пайда болатын анемиялар.
ПГАА
панцито-пения құрамында (жиірек) немесе жекеленген торлы сүйек майының эритроидты
өскіндісінің тежелуінен болуы мүмкін. ПГАА жылына 1 млн халық ішінде 3,5-5,4 адамда
кездеседі.
Этиологиясы.
Тек науқастардың 1/5 бөлігінде ғана себебі анықталады. Олар:
радиация, бензин және инсектицидтермен улану, дәрілік заттар (левомицитин, анальгин,
бутадион, парацетамол, сульфаниламидтер, құрысуға қарсы дәрілер, алтын препараттары,
цитостатиктер және басқалар), вирусты инфекциялар (гепатит А, Эпстайн-Барр вирусы,
парвовирус В
19
), тимома, тұқым қуалайтын иммундық жетіспеушілік және хромосомды
аномалиялар, түнгі пароксизмальды гемоглобинурия, миелодиспластикалық синдромдар.
Патогенезі.
ПГАА-ның пайда болу механизмі бойынша бағаналық гемопоэтикалық
жасушалардың санының азаюы мен аномалиясы туралы пікір бар.
Достарыңызбен бөлісу: |