14.1.7. СОЗЫЛМАЛЫ ҚАН КЕТУДЕН БОЛАТЫН АНЕМИЯ
Этиологиясы мен патогенезі.
Созылмалы түрде қан кету балаларда сиректеу
кездеседі: ішек-қарын жүйесі (ойық жара, полиптер, өңеш веналарының кеңеюі және
т.б.), өкпе (идиопатиялық өкпе гемосидорозы), бүйрек аурулары (нефриттің
гематуриялық түрі, зәр-тас ауруы), геморрагиялық диатездер (оның ішінде) іштен және
жүре пайда болған тромбоцитопениялар мен тромбоцитопатиялар).
Ауруды 2 кезеңге бөледі: 1. Темір қорының сақталу кезіндегі қан кету; 2. Темір
қорының таусылған кезіндегі қан кету – бұл арада теміртапшылығы ауыр түрдегі анемия
пайда болады.
Достарыңызбен бөлісу: |