Диспансерлік бақылау.
Негізгі ауруды бақылау бойында міндетті түрде қан сынағын
жасап, ретикулоциттер санын анықтау керек.
14.1.8. ГЕМОЛИТИКАЛЫҚ АНЕМИЯЛАР
Гемолитикалық анемия (ГА) –
эритроциттердің өмір сүру мерзімінің
қысқаруы тән және осыған байланысты клиникалық тұрғыдан – байланыспаған били-
рубин есебінен тері жамылғысы мен кілегей қабатының сарғаюымен, әртүрлі дәрежеде
талақ пен бауырдың өсуімен, кейде дене қаңқасының өзгеруімен, гемотологиялық
тұрғыдан – анемия, әдетте нормохромды, эритропоэздің активтелініуімен,
лактатдегидрогнезаның (ЛДГ) және гаптоглобиннің күрт артуымен білінетін ауру.
Эритроциттер көп бұзылатындықтан, ол ретикулоэндотелиялық жүйелерде (тамырдан тыс
және жасушаішілік гемолиз) және тамыр саңалуында (тамырішілік гемолиз) жүруі
ықтимал, сплено- және гепатомегалияға әкеледі.
705
|