Емі.
Микросфероцитозда негізгі емдік шара спленоэктомия немесе талақтың
эндоваскулярлы окклюзиясы. Бұндай шараларды 5 жастан кейін қолданған дұрыс.
Гемолитикалық криз кезіндегі көмек, бауыр функциясын жақсартатын және билирубиннің
конюгациясын жақсартатын инфузияляқ ем. Гипопластикалық криздерде эритроциттер
маса трансфузиясы қолданылады.
Глюкоза-6-фасфатдегидрогензаның жетіспеушілігі .
Орта Азия мен Закав-
казьеда жиірек кездеседі. Бұл аурудың берілуі Х- хромосома (Xq28-дағы ген) арқылы
жүргізіледі. Эритроциттер оксиданттардың әсеріне беріктігінің төмендеуімен
сипатталады, эндогенді және экзогенді интоксикациялар, кейбір дәрілер және өнімдер
(сульфаниламидтер, нитроофуранды препараттар, аналгетиктер, антибиотиктер, оның
ішінде ең бірінші левомицитин; туберкулостатикалық заттар; өсімдіктер: атбас бұршақтар,
наркайсар, ұсақ бұршақтар, еркек қырыққұлақ (усасар), көкжидек, қаражидек ) гемолизге
әкелуі мүмкін. Г-6-ФД жетіспеушілігі көбіне ер адамдарда байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: |