Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет1227/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   1223   1224   1225   1226   1227   1228   1229   1230   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

Инсулин дәрілері:
1.
Өте қысқа және тез әсерлі (Хумулин Р., Актрапид МС, Актрапид НМ,
Инсуманрапид және басқалар). Әсерінің басталуы 0,5-1 сағ, шыңы – 1-3 сағ, ұзақтығы – 6-
8 сағ (2,5-4 сағ).
2.
Әсері орташа ұзақтықтағы (Хумулин Н, Хумулин НПХ, Протафан МС).
Әсерінің басталуы – 1,5-2 сағ., шыңы – 4-12 сағ., ұзақтығы – 18-24 сағ.
3.
Ұзақ әсерлі (Хумулин ультралент, ультратард НМ). Әсерінің басталуы 4-5 сағ
кейін, шыңы – 8-14 сағ, ұзақтығы – 24-36 сағ. Ұзақ әсерлі дәрілердің ішінде Лантус
дәрілеріне артықшылық беріледі, өйткені ол адам инсулинінің аналогы. Лантус ертінідісін
тері асты шел май қабатына енгізгеннен кейін қышқылдығына байланысты
бейтараптандыруы реакциясына түсіп микропреципитаттар түзіліп, олардан бір қалыпты
және ұзақ әсер ететін азғантай көлемде үнемі инсулин бөлінеді. Ол бір сағатта шыңсыз
әсер ете бастайды, ұзақтығы 24 сағат.
Қазіргі кезде тез әсерлі инсулин өндіріледі – ультрақысқы әсерлі «Хумалог». Әсерінің
басталуы 10-20 мин, шыңы – 1-3 сағ, ұзақтығы – 3-5 сағ. Жоспарланған уақытта тағам
қабылдаудан бас тартқан ерте жастағы балаларға қолданылады. Оны тағам қабылдар
алдында немесе тамақ ішкеннен кейін енгізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   1223   1224   1225   1226   1227   1228   1229   1230   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет