Жайылмалы уытты жемсаудың диагностикасы. Ауруды анықтау клиникалық
мәліметтерге және қанда тиреоидты гормондар мөлшерін анықтауға негізделген. Осыларға
байланысты мынандай өзгерістер болады:
• қан сары суында Т
3
және Т
4
деңгейлері жоғарлаған, ТТГ 70% науқастарда төмен
болады;
Т
3
жоғарлаған, Т
4
қалыпты, ТТГ 30% науқастарда төмендеген;
қан сары суында ТТГ-ға, тиреоглобулинге және олардың қабылдауыштарына
антиденелердің болуы;
қан сары суында холестериннің және β-липопротеиндердің мөлшерінің төмендеуі;
ЭКГ-тахикардия, тісшелер вольтажының үлкеюі;
клиникалық қан анализінде салыстырмалы лимфоцитоз;
қан сары суында иондалған кальцийдың мөлшері жоғарылайды.