Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет1262/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   1258   1259   1260   1261   1262   1263   1264   1265   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

Ауру диагностикасы
мыналарға негізделген:
1. Клиникалық көріністеріне.
2. Қан сарысуында өсу гормонның базалды концентрациясы төмендеген немесе қалыпты
деңгейде
3. Жүктемелік сынақтар қолдану: соматотропты гормон деңгейін жүктемеге дейін және
кейін салыстыру. Жүктеме ретінде физикалық (велоэргометрия) немесе эндокриноло-
гиялық (глюкагон, инсулин) әдістерді қолданады. Егерде СТГ қалыпты жағдайдан
төмен болса (7нг/мл төмен) онда ауру деп есептеледі. Егер СТГ деңгейі 7-10нг/мл-н
жоғары болса, бұл қалыпты.
4. Еx juvantibus диагностикасы, яғни диагноз қойылды және соған сәйкес ем
тағайындалады. Емнің әсері болған жағдайда диагноз нақтылануы мүмкін. Егер орын
басу емі нәтиже бермесе, аурудың басқа себептерін іздеу керек.
5. Рентгенологиялық зерттеу: түрік ері кішірейуі, оның диафрагмасының ізбестенуі
болады, гипофиз ісігінде түрік еріні ұлғаяды, қабырғасының деструкциясы
анықталады. Білезік буыны және саусақтардың рентгендік зерттеуінде қаңқаның
сүйектенуінің және даралануының тежелуі байқалады.
6. Қосымша белгілер: гипохромды анемия, ЭЭГ-да өзгерістер.
Емі
.
Орын басу емі – бұл емдеу тәсілінің негізгісі. Соматотропин 0,1-0,25 Бір/кг тері
асты немесе бұлшық етке 3 апта бойы беріледі. Одан әрі 1 апта үзіліс жасайды және
қайтадан 3 апталық соматотропин курсын бастайды, үзіліс және қайтадан СТГ – 3 апта
енгізеді – үш айлық курс. Сосын 3 ай үзіліс, одан әрі осы курсты басынан бастап қайтадан
жүргізеді.
Соңғы жылдары ДНК-рекомбинатты технология негізінде дайындалған хуматроп
(фирма Eli Lilly) дәрісі қолданылады. Оны қолданғанда жағымсыз әсері сирек кездеседі,
өйткені ол тазартылған дәрі, СТГ сияқты кестемен қолданылады – 0,06 мг/кг мөлшерде
теріасты немесе бұлшықетке ұзақ (жылдар) қабылдайды. Басқа дәрілерден: Нордитропин
(фирма Novo Nordisk), Генотропин (фирма Farmacia Apjohn), Сайзен (Arec Serono)
қолданылады.
Гипофизарлы нанизм емінде анаболикалық стероидтар (метандростенолон,
ретоболил және т.б.) кеңінен қолданылады. Емдеу кезінде бала құнды тағамдар,
витаминдер, биоынталандырғыштар, ферменттер, кальций, фосфор және симптоматика-
лық дәрілік заттар қабылдауы керек. Сонымен алдында айтылғандай айқын өсудің тежелуі
балалардың басым көпшілігіне тиреоидты, жыныстық гормондардың, жетіспеушілігі және
басқа да анаболикалық гормондардың негізінде дамиды. 
Туа пайда болған гипотиреозға «сүйектік» жастың және өсудің тежелуі тән болады.
Туа болған гипотиреоздың, соматотропты жеткіліксіздігі бар науқастардан
айырмашылығы, өсудің диспропорционалды тежелуі ерекше орын алады және аурудың
негізгі клиникалық симптомдары анықталады.
Гипогонадизм және жыныстық дамуы тежелген науқастарға «сүйектік» жастың және
өсудің тежелуі тән. Алайда бұл симптомдар жасөспірімдік жаста ғана өзіне назар аудара
бастайды. Балалық шақта «сүйектік» жасы және өсу тездігі әдете хронологиялық тәртіпке
сәйкес келеді.
Өсудің айқын тежелуі, этиологиясы әр түрлі уақытынан бұрын жыныстық жетілуде,
Иценко-Кушинг синдромында, ұзақ уақыт глюкокортикоид дәрілерін қабылдаған
науқастарда байқалады. Бірінші жағдайда – бұл эпифизарлы саңылаудың уақытынан
бұрын жабылуы, екінші жағдайда катаболикалық әсер көрсететін глюкокортикоидтардың
деңгейінің жоғары болуы. Өсудің тежелуінің осындай жолдарын анықтау қиындық
туғызбайды, өйткені бірінші кезекте клиникалық көрінісінде негізгі ауруға тән
симптомдары білінеді. Жиі өсудің тежелуі бар науқастарда эндокринді бездер
756


қызметтерінің бұзылу белгілері болмайды, яғни көптеген балаларда өсудің тежелуі
эндокриндік емес факторлардан туындауы ықтимал (нанимзмнің эндокринді-тәуелсіз
варианттары). Осы топтан примордиалды нанизмге назар аударғанды жөн көрдік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   1258   1259   1260   1261   1262   1263   1264   1265   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет