тестостеронның деңгейі жасқа тәуелсіз төмен болады және хориондық гонадотропин
енгізгенде жауаб ретінде жоғарыламайды.
Екіншілік гипогонадизм (гипогонадотропты) ер балаларда ФЫГ немесе ЛГ
жетіспеушілігімен байланысты. Біріншілік зақымдалу гипоталамуста
немесе гипофиздің
алдыңғы бөлігінде орналасуы мүмкін, бұл гонадотропиннің жетіспеушілігіне алып келеді.
Атабез дұрыс құрылған, бірақ гонадотропинның ынталандыруы болмауына байланысты
ол пубертатқа дейінгі жағдайда қалып қояды.
Гонадотропиннің оқшауланған жетіспеушілігі – Кальман синдромы – иіс сезудің
жоғалуымен гипогонадты – гипогонадизмнің бірігуі болып табылады.
Лоренс-Мун Бидль синдромы: диагноз пубертатта жыныстық дамудың тежелуіне
немесе 16-17 жасқа дейін басталмауына; адренархе пайда болуы сүйектік жас қатынасы
бойынша кеш немесе болмауына негізделеді. Емінде – хориондық гонадотропин енгізу,
сүйемелдеуші андрогендермен ем тағайындалады.
Диагностикасы:
жалпы тексеру және қараудан басқа генитометрия жүргізу керек.
Аталықбез және сыртқы жыныс мүшесінің өлшемдері қалыпты үлгідегі
кестедегі
мәліметте-рімен салыстырады. Сыртқы жыныс мүшелерінің өлшемінің ауытқуларының
орташа шамасы 2 сигмадан көп болса, патология жайлы айтуға болады.
Пальпация
жүргізіледі, атабездің консистенциясы, олардың ұмада орналасуы,
ауырсынуы,
қозғалғыштығы, ұма жағдайы анықталады, екіншілік жыныс белгілері бағаланады.
Тестикулярлы жетіспеушіліктің экстра-гениталды белгілерін анықтау керек, дене қалпына,
емізікшелердің тартылуына,
веналардың варикозды кеңеюіне, майдың жинақталу
сипатына (әйелдік кейіпте) назар аудару керек.
Достарыңызбен бөлісу: