Диагнозды қоюға қанда жыныс гормондарының (эстрогендер) мөлшерінің күрт
төмендеуі, гонадотропиндердің (ЛГ, ФЫГ) құрамының жоғары болу көмектеседі.
Ультрадыбысты зерттеуде жатыр көлемінің кішіреюі, кішірейген анабез анықталады.
Рентгендік зерттеуде остеопороз немесе өсудің және сүйек дамуының тежелуі табылады.
Біріншілік гипергонадотропты гипогонадизмнің емі медикаментозды болып келеді.
Әйел жыныс гормондарымен (этинилэстрадиол) орын басушы ем тағайындалады. Етеккір
тәрізді реакция басталғанда, эстрогендер және гестагендер құрамды аралас ішетін
контрацептивтер тағайындайды (силест, Диане-35, триквилар, тризистан).
Аналық бездің екіншілк гипофункциясының себебі гипоталамусты-гипофизарлы
жүйенің аурулары болуы мүмкін: ісік, Шиен синдромы, акромегалия, жайылмалы уытты
жемсау, гипотиреоз және т.б.
Аналықбездің екіншілік гипофункциясының клиникалық көрінісі толығымен
негізгі ауруға байланысты және басқада гипоталамустық гипофизарлық бұзылыстармен
қатар жүреді. Бұлар семіздік немесе күрт арықтау, қантсыз диабет, гипофизарлы нанизм,
гипотиреоз болуы мүмкін. Бұнда гипогонадизм көп симптомдардың бірі болып қалады.
Бас миының ісігін жоққа шығару үшін неврологиялық, офтальмологиялық зерттеулер,
бассүйек рентгенограммасы, ЭЭГ, компьютерлі томография жүргізу керек. Гормондық
диагностика қан сары суында гонадотропты гормондар (ЛГ, ФЫГ) деңгейін анықтауға
негізделген.
Достарыңызбен бөлісу: