II.
Экзогендік гиперкортицизм:
Ятрогендік Иценко-Кушинг синдромы.
III.
Функциональды гиперкортицизм (сезімдікте, гипоталамикалық синдромда, пубер-
татты-боз балалық диспитуитаризмде, қант диабетінде, алкоголизмде, бауыр
ауруларында, жүктілікте, депрессияда).
Клиникасы
ісік өндіретін гормондардың көп бөлінуіне байланысты. Балалар практи-
касында глюкокортикоидтардың көп бөлуінуіне байланысты болатын гиперкортицизм жиі
кездеседі мұндай жағдайда клиникалық көріністерге тән: әлсіздік, бас ауру. Терінің
трофикалық өзгерістері: құрғақтық, жұқаруы, сандағы, іштегі, кеудедегі қызғылт және
қанық қызыл стриялар байқалады. Қарағанда бет-әлпеті «ай тәрізді», екі иекті, беті қанық
қызыл, VII мойын омыртқа үстінде майдың жиналуы, сонымен қатар аяқ-қолдарының
салыстырмалы түрде жіңішке болғанда кеуде де, іште майдың жиналуы байқалады.
Миопатия, артериальды гипертензия, жүйелік остеопороз, стероидты диабет тән. Инфек-
цияға жоғарғы бейімділікке әкелетін екіншілік иммунді жетіспеушілік дамиды. Жыңыс-
тың дамудың кідірісі болады. Қыз балаларда етеккір циклінің бұзылысы пайда болады.
Диагностикасы.
-
қанда кортизол деңгейінің жоғарлауы. Кортизолдың тәуліктік өндірілу ырғағы
бұзылады (ертеңгілік және кешкілік уақытта кортизол деңгейі бірдей болуы ықтимал,
қалыпты жағдайда 3 жастан кейінгі балаларда ертеңгілік гормон концентрациясы,
кешкілік уақытқа қарағанда жоғары);
-
қанда гемоглобин деңгейі жоғарлайды, эритроцит көбейеді, лимфопения,
эозинопения байқалады;
-
диабетикалық тип бойынша глюкозаға төзімділік бұзылады;
-
гипокалиемия;
-
рентгенограммада – омыртқа денесінің остеопорозы;
-
КТ, УДЗ, МРТ гипофиз аденомасын, бүйрекүсті ісігін және басқа органдар ісіктерін
анықтайды.
Емі.
Гиперкортицизм себебіне және аурудың ауырлығына, зақымдалған жердің
көлеміне байланысты хирургиялық, сәулелік, медикаментозды ем қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |