Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет1256/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   1252   1253   1254   1255   1256   1257   1258   1259   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

ЖБЖ диагнозы клиникалық
– өйткені өте жедел дамиды. Мүмкіндігінше қан
плазмасындағы электролиттерді анықтау керек. Натрий (135 ммоль/л төмен) және хлорид-
тердің (96 ммоль/л төмен) деңгейінің төмендеуі, калий концентрациясының (5,6 ммоль/л
жоғары) жоғарылағаны байқалады. Жеткілікті ем жүргізу үшін гематокрит деңгейін
анықтау керек. Гематокрит деңгейімен бірге азот қалдығы мен несеп қышқылы деңгейі
жоғарлайды. Гипогликемия және айқындылығы әртүрлі дәрежедегі метаболикалық ацидоз
байқалады.
ЭКГ-да – PQ интерваланың өзгерісі, QRS кешенінің деформациясы және кеңеюі, Т
тісшісінің өзгеруі анықталады. Қанда кортизол деңгейі төмендейді. Коагулограмма
мәліметтері ТҰШС-синдромының сатыларын көрсетеді.
Емі.
Жан сақтау бөлімшесінде өткізіледі. Жедел бүйрекүсті безі жетіспеушілігі бар
науқасты емдейтін дәрігер келесі мәселелерді шешеді:
1) бүйрекүсті безі гормондарымен (глюко- және минералокортикоидтармен) орын басу
емін жүргізу;
2) коллапспен және дегидратациямен күресу;
3) метаболикалық бұзылыстарды (гиперкалиемия, гипонатриемия, гипогликемия) түзету;
4) ацидозбен күрес;
5) жедел бүйрекүсті безі жетіспеушілігі туындаған негізгі ауруды емдеу.
Емдеуді жоғары дозада гидрокортизон енгізуден бастайды. Гидрокортизонды
тамырға 10-15 мг/кг салмағына тәулігіне енгізеді, бір жасқа дейінгі балаларда 100 мг-ға
дейін. Глюкокортикоидтарды науқастың жағдайы жақсарғанша және артериалды қан
қысымы қалпына келгенше тамырға енгізеді. Гемодинамика көрсеткіштері қалпына
келуіне байланысты тәуліктік дозаны төмендетеді.
Глюкокортикоидтардың сүйемелдеуші дозасы: преднизолонды 4-5мг/м
2
дене
беткейіне, гидрокортизонды – 15-20 мг/ м
2
, кортизонды – 20-25мг/ м
2
қолданады.
Глюкокортикоидтармен ем жүргізгін кезде, көптеген дәрілік заттардың элиминация-
сының жеделдейтінін есте сақтау керек. Барбитураттардың, дигоксиннің, кейбір антибио-
тиктердің, соның ішінде пенициллин мен левомицетиннің әсер ету уақыты қысқарады.
Минералокортикоидтар тапшылығын ДОКСА (дезоксикортикостерон ацетат), корти-
нефф, флюренеф, остатин-Н толтырады. Дәрілерге баланың жасы неғұрлым төмен болса,
750


соғырлым қажеттілік жоғарылайды.
ДОКСА ерітіндісін 2,5-7,5мг/тәулігіне баланың жасына байланысты енгізеді.
Глюкокортикоидтарды енгізумен қатар коллапспен және дегидратациямен күресу
үшін инфузиялы ем тағайындалады. Инфузиялы ем үшін 5-10% глюкоза ертіндісі және
натрий хлоридінің физиологиялық ертіндісі 1:1 қатынаста енгізеді. 
Инфузияны келесідей мөлшерде есептеуге болады: 1 жасқа дейін – 100-150 мл/кг, 1-8
жас 100-110 мл/кг, жасөспірімдерде сұйықтыққа физиологиялық қажеттілік 40-70 мл/кг
құрайды. Егер дене қызуы 8 сағаттан астам уақытта 37° С-дан жоғары болса, онда әрбір
градусқа қосымша 10 мл/кг сұйықтық есептелінеді, әрбір 10 тыныс қозғаласына 10 мл/кг
қосымша беріледі. Құсу және іш өтумен сұйықты жоғалтқанда қосымша әрбір кг
салмаққа 20 мл сұйықтық тағайындалады.
Негізгі ертінділерге 10% NaCl ертіндісі 3-5 мл/кг салмағына қосылады. Ацидозды
реттеу үшін 4 % бикарбонат натрий, гипогликемияда 10-20% глюкоза ертіндісі беріледі.
АҚҚ төмендеуі сақталған уақытта, жүргізілген емге қарамай көктамырға
тамшылатып тамыртарылтқыш дәрілер беріледі: 0,2% норадреналин гидратартрат және
1% мезаттон ертіндісі (0,5-1мл-ді 20 мл 1% глюкоза ерітіндісінде), алғашқы жылдамдығы
минутына 40-60 тамшылатып тағайындалады. Ерітіндінің мөлшері әрбір науқасқа жеке
шешіледі. Ем 1 сағат бойы АҚҚ 60 мм сын.бағ төмен болғанда, өкпесін жасанды
желдендіруге көшу қажет.
Инфекциялық процесс кезінде антибиотиктер, протеаз ингибиторларын (трасилол,
контрикал, гордокс) тағайындалады. 
Геморрагиялық синдромның емі ТШҰС синдромының сатыларына байланысты
жүргізіледі.
Көп мөлшерде аскорбин қышқылы (500 мг дейін), В тобы витаминдері,
кокарбоксилаза қолданылады. 2-ші тәулікте сұйықтың көлемі 1-ші тәуліктегі көлемінің ½
азайтылады. Оның ішінде 50% көктамырға және 50% per os беріледі. 3-ші тәулікте
сұйықтың мөлшері алдыңғыдан 1/3 азайтылады (1/3 көктамырға тамшылатып, 2/3 per os).
Қорыта айтқанда адамның тірісінде жедел бүйрекүсті безі жеткіліксіздігін анықтау
қиын, ал ағымы қолайсыз өтеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   1252   1253   1254   1255   1256   1257   1258   1259   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет