Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет1254/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   1250   1251   1252   1253   1254   1255   1256   1257   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

Диагностикасы.
Гипокортицизмнің негізгі диагностикалық көрсеткіштері қан
сарысуындағы кортизол мен альдостерон деңгейінің төмендеуі болып табылады.
Біріншілік гипокортицизмде қан плазмасында АКТГ мен ренин мөлшері жоғарылайды.
Гипогликемия, гипонатриемия және гиперкалиемия тән болады. Аурудың жасырын
түрлерінде АКТГ-мен ынталандырушы тест жүргізіледі. Кортизолдың базалды деңгейін
анықтайды, содан кейін АКТГ-ні енгізеді, қайтадан кортизол деңгейін анықтайды.
Қалыптыда ол базальды деңгейден 4-6 есе жоғары. Ынталандырғанда реакцияның
болмауы, бүйрекүсті безі қыртысының мүмкіншілігінің төмендегін көрсетеді.
749


Емі.
 
Ауыр жағдайда міндетті түрде төсектік тәртіп сақталу қажет. Калий тұзына бай
және 5-10% натрий хлориді қосылған тағамдарды шектеу емдәмі (диетасы) тағайында-
лады. Криз болмаған кезде гормоналды емдеу кортизон мен дезоксикортикостеронды
тағайындау арқылы жүргізіледі. Әрбір дәрінің мөлшерін жеке (науқасқа лайықты) АКТГ
және рениннің деңгейін қан плазмасында бақылай отырып береді. Міндетті түрде ең
төменгі «сүйемелдеуші» доза таңдап алынады да, науқастың жалпы жағдайын ескеріп
күнде, күнара немесе бірнеше күн бойы берілуі мүмкін. Емнің дұрыстығы физикалық
және жыныстық дамудың параметрлерін, АҚҚ, электролиттерді, ЭКГ көрсеткіштерімен
бағаланады. Сонымен қатар науқастарға көп мөлшерде витаминдер тағайындалуы қажет,
әсіресе витамин «С» (500-1000мг) тәулігіне беріледі. Криз дамыған кезде жедел
бүйрекүсті жетіспеушілігін емдеу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   1250   1251   1252   1253   1254   1255   1256   1257   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет