Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет1291/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   1287   1288   1289   1290   1291   1292   1293   1294   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

Диспансерлік бақылау.
 
ФКУ диагнозы қойылғаннан бастап бақылауды медицина-
лық генетик, невролог және педиатр жүргізуі керек. Емдәмнің тиімділігін фениаланиннің
қандағы мөлшері бойынша қадағалап отырады.
Емдәмде фенилаланині көп тағамдар шектеледі: ет, балық, бауыр, колбаса,
жұмыртқа, бидай, арпа ұнынан жасалған тамақтар, изюм, жаңғақ, шоколад, какао, бұршақ.
Рұқсат етілетіндері: қант, жеміс шырындары, бал, өсімдік майы, жасанды саго. Сүт,
картоп, көкөніс, жемістер басқа тағам құрамындағы фенилаланинге қарсы беріледі.
Фениаланиннің тамақтан ұзақ әрі толық шектелуі (бұл алмаспайтын аминқышқылы)
эндогенді ақуыз ыдырауын туғызады, баланың арықтауы мен ақуыз тапшылығынан
болатын ісікке әкелуі мүмкін. 
ФКУ-мен ауыратын қыз балаларға емдәм ұзақтығы және оны кеңейту аса маңызды,
себебі кейін, балалы болмақшы болғанда емдәмді жүктілік және одан кейінгі кезеңде ұстау
қажет болады. Дәрі қолдану синдромдық бағытта жүргізіледі. Глютамин қышқылын
беруге болмайды, ол фенилаланин мөлшерінің артуына ықпал етуі мүмкін. 
Болжамы.

Ақыл-есінің дамуы ем басталу мерзімі мен медициналық-педагогикалық


қалыптастыруға байланысты. Диагнозы ерте қойылып, емдәм ерте тағайындалған кезде
қалыпты дамуы мүмкін. 5 жасқа толғаннан кейін емдәмді кеңейту кезінде ЭЭГ арқылы
бақылау жүргізіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   1287   1288   1289   1290   1291   1292   1293   1294   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет