Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет1308/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   1304   1305   1306   1307   1308   1309   1310   1311   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

Болжамы
 
бағытты динамикалық диспансерлік бақылау, қоғамдық бейімдеу,
науқастарды кәсіптік бағыттауға байланысты.
16.6. КӨМІРСУ АЛМАСУЫНЫҢ ТҰҚЫМ ҚУАЛАЙТЫН КЕМІСТІКТЕРІ
16.6.1. ГАЛАКТОЗЕМИЯ
775


Галактоземия
рецессивті жолмен тұқым қуалайтын моногенді ауру болып
келеді
.
Көмірсулар алмасуының бұзылуына байланысты мидың, бауыр және көру
мүшелерінің зақымдалуымен сипатталады
. Ауру жиілігі 1:20000. Алғаш рет 1908 жылы
клиникалық тұрғыдан, 1956 жылы биохимиялық бұзылыстар сипаты анықталған.
Гетерозиготтар 1:268 жиілікпен кездеседі. 
Этиологиясы.
 
Галактоземияның дамуына жауапты ген 2-ші хромосомада орналас-
қан. Бұл геннің мутациясының әртүрлері арудың клиникалық көрінісін анықтауы мүмкін.
Патогенезі.
 
Галактоземияның классикалык, Дюарте варианты және негрлік түрлерін
ажыратады. Бұл бөлу галактоза алмасуына қатысты негізгі энзимдердің сан мен сапа
өзгерістеріне байланысты.
Аурудың негізінде галактоза-І-фосфат-уридил-трансфераза (альфа-І-ФУТ) ферменті-
нің болмауы немесе оның белсенділігінің өте төмен болуы жатады. Бұл энзим екінші
сатыда галактозаның глюкозаға ауысуына қажет. Ауру қанында тосқауылға әкелетін
галактоза алмасуының бастапқы сатысындағы галактоза-І-фосфат (Га-І-Ф) жиналып,
организмге зиянды улы әсерін тигізеді. Галактоземияға гипогликемия тән. 
ОНЖ-не
улы
әсері өзге, галактоземияда ми ісінуі болады 

бұл галактозаның жоғары концентрациясы-
ның жұлын мен ми қарыншаларында көптеп жиналуына байланысты. Бауыр жасушалары
бұзылысынан гипопротромбинемия, гипопротеинемия, тікелей билирубин мөлшерінің
жоғарылауы пайда болады. Аминоацидурия негізі

Га

I

Ф бүйрек өзекшелерінде
аминқышқылдарының қайта сорылуын тоқтатып, бүйрек шумақтарын закымдайды. Ауру
эритроциттерінің қалыпты жағдайға қарағанда, оттегі сіңіруі 25-30 %-ға кемиді, бұл
олардың өмір сүру уақытын қысқартып, гемолизге әкеледі; бұл ауруда жиі байқалатын
анемия негізінің осындай ерекшелігі бар.
Жасы аскан сайын компенсаторлық ретте уридиндифосфат-галактозо-пирофосфори-
лаза
(УДФГП)
ферментінің белсенділігі арытып, галактозаның метаболизмі жанама
жолмен жүреді. Осымен қатар, Га - I - 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   1304   1305   1306   1307   1308   1309   1310   1311   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет