Клиникалық көрінісіне қарай диагноз қою көбіне қиынға соғады. Тек ферменттік
диагностика жиналған заттарды бөліп, олардын құрылысын анықтаумен ұштасқанда ғана
тұқым қуалайтын ауру жайынан мәлімет толық болады. Зерттеуге, әдетте,
лейкоциттер
мен аурудың тері фибробласты культурасын пайдаланады. Пренатальдық диагностика
үшін (лизосомалық ауру баласы бар әйел қайта жүкті болғанда)
амнион сұйығы
жасушаларының культурасын зерттейді (сұйық амниоцентез арқылы жүктілік мерзімінің
16-18-аптасында алынады). Жасушалар культурасында тиісті лизосомалық ауру негізі
болатын фермент белсенділігі анықталады.
Бұзылыс болып, ауру тегі анықталса,
жүктілікті үзу керек болады.
Лизосомалық ауруларға мукополисахаридоз, гликолипидоз және гликопротеидоздар
жатады.
Достарыңызбен бөлісу: