Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет1399/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   1395   1396   1397   1398   1399   1400   1401   1402   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

клиникалық белгілері
басылу сатысында өршу байқалса,
сауығу кезеңінде рецидив (қайталау) байқалып, барлық клиникалық белгілері қайта
анықталуы мүмкін. Сонымен қатар, аурудың қайталауы қайталап, осы қоздырғыштың
басқа штаммымен қайта инфекцияланумен (суперинфекциямен) байланысты болуыда
мүмкін. Инфекцияның атипті (белгілі түрге жатпайтын) түрлерін анықтау көбіне қиынға
түседі. Бұларға аурулардың белгілері айқын білінбейтін көмескі түрлері жатады. Бұндай
жағдай көбіне тасымалдаушы болып келетін инфекцияларда байқалады. Асқынуы деп
негізгі аурумен тығыз байланысты және оның даму барысында және сауығу кезеңінде
пайда болатын патологиялық процессті айтады.
Инфекциялық процесс пен иммунитеттің ерте жастағы балаларда атарлықтай
ерекшеліктері бар. Жаңа туылған нәрестелерде және алғашқы екі айда жәншау,
эпидемиялық паротит және басқа ауруларға резистенттілік байқалады. Бұл анасынан
құрсақішілік қабылданған иммунитет нәтижесі деп есептелінеді.
818


Жұқпалы ауру даму үшін эпидемиялық процесс болуы қажет. Эпидемиялық процесс
бір-бірімен байланысты 3 бөлімнен тұрады: эпидемиялық процесстің түрткілері (олардың
себептері, жағдайлары), эпидемиялық процесстің даму механизмдері, эпидемиялық проце-
сстің даму көріністері. Эпидемиялық процесс үздіксіз даму үшін жұқпалы қоздырғыштар
көзі, жұқпалы аурулардың тарау жолы және қабылдайтын организм болуы қажет.
Жұқпалы аурулардың берілу (таралу) механизмі 5 типке бөлінеді:
– Ауа-тамшы;
– фекальды-оральды (алиментарлы);
– трансмиссивті;
тұрмыстық қарым-қатынас;
– трансплацентарлы.
Ауа-тамшы жолымен тарайтын инфекциялар: күл ауруы, қызылша, менингококкты
инфекция, жәншау, ЖРВИ, тұмау және т.б. Бұндай жолмен тарауда аурудың даму дамы-
мауы инфекция ошағының алыс немесе жақындығына және баланың қабылдау қабілетіне
байланысты. Кейбір инфекциялар ұшу арқылы қашық жерге таралады, тіптен иненің көзі-
ненде өтіп кетеді. Оларға қызылша, желшешек жатады. Ауа-тамшы жолымен тараудың
тиімділігі қоздырғыштардың қоршаған ортада өмір сүре алу мүмкіндігіне байланысты.
Кейбіреулер ұзақ өмір сүрсе, кейбіреулері дереу өледі. Мысалы, менингококк. 
Ішек жұқпалы аурулары фекальды-оральды немесе алиментарлы жолмен беріледі.
Мұндай жағдайда берілу түрткілері азық түлік, лас қол, су, шыбын-шіркей, мүлік заттары
және т.б. болып келеді. Тұрмыстық қарым-қатынас арқылы жұғу бетпе-бет сөйлескенде
(тура қатынас) немесе қоршаған ортадағы (жанайы қатынас) заттар арқылы іске асады.
Анаэробты жаралы инфекцияда топырақтың жұқтыру түрткісі ретінде маңызды болып
келеді. Қоздырғыштар топыраққа түсіп, спора құрайдыда, жараға (газды гангрена, сіріспе),
немесе азық-түлікке (ботулизм) түседіде аурулардың дамуына ықпал етеді.
Трансмиссивті таралу жолы тірі тасушылар арқылы жүзеге асады. Олар қоздырғыш-
тардың биологиялық қожайыны немесе механикалық тасымалдаушылар болуы мүмкін.
Мысалы, биологиялық қожайындар немесе арнайы тасымалдаушыларға кене, бит, бүрге,
маса жатады. Олар белгілі бір инфекцияны ғана таратады. Олардың организмінде
қоздырғыштар көбейеді немесе дамудың жыныстық циклнан өтеді.
Механикалық немесе бейарнамалы тасымалдаушылар қоздырғыштарды қандай түрде
қабылдаса, сол күйінде береді. Мысалы, шыбындар сүзектің, шигеллездің, А гепатитінің
қоздырғыштарын осы жолмен береді.
Трансплацентарлы (құрсақішілік) берілу жолы плацента арқылы анадан ұрыққа
берілуді қамтамасыз етеді. Берілудің бұл түрі вирустық инфекциялар (герпетикалық
инфекция, цитомегаловирус, қызамық, вирусты гепатит, энтеровирус). 
Адамдардың барлық жұқпалы және паразитарлық аурулаы халықаралық жіктелу
бойынша бірінші классқа жатады:
1. Ішек жұқпалары 
2. Туберкулез (A15-A19) Басқа бактериальдық зооноздар (A20-A28)
3. Басқа бактериялық аурулар (A30-A49)
4. Жыныстық жолмен берілуі басымырақ жұқпалар (A50-A64)
5. Спирохеталар тудыратын басқа аурулар (A65-A69)
6. Хламидиялар тудырған басқа аурулар (A70-A74)
7. Риккетсиоздар (A75-A79)
8. Орталық нерв жүйесінің вирустық жұқпалары (A80-A89)
9. Буынаяқтылар арқылы берілетін вирустық қызбалар мен вирустық геморрагиялы
қызбалар (A90-A99)
10. Тері мен сілемейлі қабықтың зақымдалуымен сипатталатын вирусты
жұқпалар (B00-B09)
11. Вирусты гепатит (B15-B19)
12. Адам иммунитет тапшылығы вирусы [АИТВ] тудырған ауру (B20-B24)
819


13. Басқа вирусты аурулар (B25-B34)
14. Микоздар (B35-B49)
15. Протозойлық аурулар (B50-B64)
16. Гельминтоздар (B65-B83)
17. Биттеу, аскаридоз және басқа инфекциялар (B85-B89)
18. Жұқпалы және паразиттік аурулардың салдарлары (B90-B94)
19. Бактериялық, вирусты және басқа жұқпалы агенттер (B95-B97)
20. Басқа жұқпалы аурулар (B99)
Қоздырғыштардың берілу механизміне байланысты жұқпалы ауруларды 4 топқа
бөледі:
- Ішек жұқпалы аурулары (шигеллездар, эшерихиоздар, сальмонеллездар, сүзек, тырыс-
қақ, сал ауруы, ботулизм, сарып және т.б.);
- Тыныс жолдарының жұқпалы аурулары (ЖРВИ, тұмау, күл, қызылша, жәншау, қыза-
мық, менингококкты инфекция, өкпе ауруы (туберкулез);
- Қандық (трансмиссивті) жұқпалы аурулар, бөртпе сүзегі, рикетсиоздар, туляремия,
арбовирусты энцефалиттер, геморрагиялық қызбалар және т.б. Мұндай жұқпалы
аурулардың қоздырғыштары негізінен қан мен лимфада орналасады;
- Сыртқы қабаттағы инфекциялық (трахома, тілме, жындану, листериоз, түйнеме)
аурулар. Аруларды бұлай бөлу шартты болып келеді және кейбір инфекциялардың
қоздырғыштарының берілу механизмдерін қамтымайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   1395   1396   1397   1398   1399   1400   1401   1402   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет