19.4. Қ Ы З А М Ы Қ (R U B E O L A)
Қызамық
–
жедел респираторлы вирусты инфекция, барлық елдерде тараған
.
Қоздырғышы
құрамында РНК бар, ұшқыш, тұрақсыз, қоршаған ортада тез өлетін
вирус.
Эпидемиялогиясы.
Инфекция көзі
– бөртпелену басталғаннан соң 5 күн бойына
ауру адам.
Инфекцияның берілу жолы
– ауа-тамшы және трансплацентарлы жол. Қатынас
индексі өте жоғары. Барлық балалар және ересек адамдар ауырады.
Иммунитет тұрақты, өмір бойына созылады.
Қызамық
вирусының дамып келе
жатқан ұрыққа тератогенді әсері бар.
Патогенез
. Енер жері жоғары тыныс жолдарының клегей қабаттары. Виремия
негізінен лимфатикалық жүйені зақымдайды.
Жіктелісі.
Жұқтыру уақыты бойынша: туа біткен және пайда болған болып бөлінеді.
Түрі бойынша:
пайда болған қызамық типті
(манифестілі) және
типті емес
қызамық
(көмескі, белгісіз) болып бөлінеді. Ауырлық дәрежесі бойынша
жеңіл, орташа
ауыр, ауыр түрі
болып бөлінеді. Ағымы бойынша
тегіс
және
асқынулы
(арнайы
асқынулар: артрит, энцефалит, нефрит; бейарнамалы: бактериялық инфекцияның
қосарлануы, созылмалы аурулардың қозуы) болып бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |