МЫСАЛ САБАҚТАР:
1.
Өлең оқиды. Өлең тыңдауға жеңіл, олардың бойына адамгершіліктің ең асыл
қасиеттерін сәби кезінен дарытып, қалыптастыру, әр түрлі құбылыстарға, құстарға, жан-
жануарларға деген сүйіспеншілігін арттыру тәрбиесіне бағышталған болуы керек. Сондай-
ақ сәбилер тобына өлеңдерді оқи отырып ойнату, әңгімелесу, жұмыстарын жүргізу керек.
МЫСАЛЫ: Кіп-кішкентай қошақан
Өзі сондай момақан.
Томпаң-томпаң жүгіріп,
Секіргенін ұнатам
.
НЕМЕСЕ: Желдей жүйрік құлыншақ
Құстай ұшар құлыншақ
Қалсын халық ойланып
Берші маған бәйге алып.
НЕМЕСЕ: Әдемі ботам өзі
Тостағандай көзі
Иіліп тұр мойыны
Қанбайды екен ойыны.
Өлеңді тыңдау қозының, ботаның, құлыншақтың қуыршақтарын көрсетіп, оны
«аймалап» өлең не туралы? Қозы, құлыншақ, бота әдемі ме? Ол қалай жүгіреді деген
сұрақтар беру арқылы баланың тілінің дамуына, сана-сезімінің өрістуіне ықпал ету керек:
«Добым менің, добым менің
Өзің неткен көңілді едің.
Зымырайсың таңбайсың».
2.
Сезім, әсерленуді жетілдіру үшін әр аумақты, түсті, түрлі заттар, құрылыс
материалдарымен ойын өткізеді. Мысалы: Шариктерді түсі бойынша іріктеу.
Мақсат:
Баланы заттың түсін атауға және бір түсті заттарды іріктеуге үйрету.
Сабақтың барысы:
І-вариант:
6—8 бірыңғай, бірақ әр түсті (қызыл, көк) шариктерді бір қорапқа
салады. Балада бір түсті шариктерді басқа қорапқа іріктеп салып, түсін атауын сұрайды.
ІІ-вариант:
8—10 шариктерді қорапқа іріктеп түсі бойынша салады (көк, қызыл).
Достарыңызбен бөлісу: |