Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


Ұлтабарды зондпен тексеру



Pdf көрінісі
бет375/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   371   372   373   374   375   376   377   378   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

Ұлтабарды зондпен тексеру.
Зондтау үшін түбінде темірден жасалған кішкене
оливасы (зәйтүн) бар жіңішке зонд қолданылады. Оливаның жанында бірнеше кішкене
тесік болады. Тексеру таңертең аш қарында процедуралық бөлмеде жасалынады. Баланы
тұрғызып қойып, зондпен төменгі тісімен кіндік сақинасының, сосын тісімен құлақ
ұшының аралығын өлшеп алады. Зондтың сол жеріне белгі салады. Баланы орындыққа
отырғызып, аузын кең ашуын сұрайды. Оң қолының ортаңғы саусағымен оливаны тіл
түбірінің үстіне салады. Баладан бірнеше рет жұтыну қимылын жасауды өтінеді. Лоқсу
пайда болғанда, зондты ернімен қысып тұрып, мұрнымен терең дем алады. Зондтың
оливасы зондпен бірге жұтқыншақ арқылы өтіп, өз салмағымен өңештің қимылына сәйкес
қарынға түседі. Зонд қарынға түскен соң, баланы оң жағынан кішкене белдіктің үстіне
жатқызады. Белдіктің үстіне жұмсақ сүлгіге орап, жылы жылытқыш салады. Баланың
аяқтары тізесінен бүгілген болуы керек. Зондтың тұрған жерін алынған сұйықтықтың
түсіне байланысты біледі. Егер зонд қарында болса, мөлдір немесе сәл лайлау сөл
шығады. Өт алу үшін зондты белгіге дейін жәйлап жұтады, 30 минуттан соң өт шыға
бастайды. Оны да түсіне қарай айырады. Ұлтабарды зондтауда бірнеше бөлікті (порция)
сұйықтар алынады.
Бірінші бөлігі (А
 
 
бөлігі) ұлтабардың ішінен алынады. Ақшыл-сары түстес, молдір,
қышқыл реакциясы болып келеді.
 
Екінші (Б 
 
 
бөлігі) қоздырғыш (сульфатты магнийдің 25%-тік ертіндісін 25 мл немесе
ксилит) жібергеннен кейін шығады. Ол өт қабынан шығатын мөлдір, күңгірт қоңыр түстес
сұйықтық.
Үшінші (С
 
 
бөлігі) өт қабы толық босанғаннан кейін, бауырдан шығатын өт таза,
ақшыл, лимон түстес мөлдір, қоспасыз, болып келеді.
Ұлтабарды зондтау 2-2,5 сағатқа созылады. Өттің 3 бөлігін түгел алып болған соң
жәйлап шығарып алады.
Соңғы жылдары ұлтабардың фракциялық зондтау жиі қолданылады. Бұл зондтау
оливасы бар жіңішке зондпен жасалады. Фракциялық зондтауда ұлтабардың ішінен
шыққан сұйықтықтың мөлшері және оның пайда болу уақыты тексеріледі.
Бірінші сатысы. Өт араласқан сұйықтықтың шыға бастаған мезгілінен қоздырғыш
(сульфатты магнийдің 25%-дық ертіндісі ксилит және т.б.) жібергенге дейінгі мерзім. Өт
өзегінен (холедоха) өт шығу мезгілі. Оның бөліну жылдамдығы орташа 1,2±0,3 мл минут.
Екінші сатысы. Одди қақпағының жабық мезгілі, қоздырғыш жібергеннен кейін,
өттің жаңа бөлігінің шыға бастауына дейінгі мерзімі. Орташа 4±2 минутқа тең.
Үшінші кезең (А бөлігі кезеңі). Одди жапқышының ашылуынан өт қабының күңгірт
түсті өт шыға бастағанға дейінгі мерзім. Орташа
А бөлігі
кезеңі, 2,5±0,5 минутқа
созылады.
Төртінші кезең: Өт қабы (В бөлім)

бөлігі. Өт қабынан шығу (күңгірт түсті өт)
мерзімі, 15-25 минутқа (орта есеппен 25±5 минут) тең. Шығу мерзімімен қатар өт көлемі
(33±11) және жылдамдығы (орташа 1,3±0,2 мл/минут) есептеледі.
Бесінші кезең: Өттің С бөлігінің
 
(таза, ақшыл түсті мөлдір) бөліну жылдамдығы
(орташа 1,3-0,2 мл/минут).
245




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   371   372   373   374   375   376   377   378   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет