Қан сарысуындағы ферменттер
. Аминотрансферазалар гепатоциттердің цитоплаз-
масында орналасады. Олар клетка ішіндегі процесстерге қатынасады. Амин топтарын
амин қышқылдарының бірінен кето қышқылдарына тасымалдауды катализдейді. Қалыпты
жағдайда АЛТ – 0,1-0,7 ммоль/л, АСТ– 0,1-0,5 ммоль/л, АСТ коэффициенті – 1,3-1,4. Бұл
ферменттердің активтілігінің бауыр ауруларын анықтаудың маңызы үлкен болып келеді.
Инфекциялық гепатитте аминотрансферазалардың активтілігі арытады.
Май алмасу әрекетін зерттеу.
Жалпы липидтер мөлшері қалыпты жағдайда 4,5-7,0
г/л. Жалпы липидтер мөлшері қан сары суында вирусты гепатитте, бауырдың созылмалы
ауруларында, қант диабетінде, семіргенде артады. Гиперлипемия бауыр ішілік холестазда
байқалады да, процесстің сауығу кезінде томендейді. Бауырдың жедел некрозында жалпы
липидтер жедел төмендейді.
Холестерин.
Бауырдың функциялық жағдайын бағалайтын негізгі көрсеткіштердің
бірі. Ең маңыздысы холестерин фракцияларының қатынасын анықтау болып келеді.
Холестерин эстерификациясының коэффициенті (холестерин эфирлері, жалпы холестерин)
дені сау балаларда 0,63-0,8 деңгейінде болады.
Қандағы холестерин мөлшері 3,7-6,5 ммоль/л. Қандағы мөлшерінің артуы өт
жолдарының туа біткен атрезиясында, жедел гепатиттің бастапкы кезеңінде, өт тоқырауға
байланысты сарғаюда, постнекрозды билиарлы циррозда және т.б. ауруларда байқалады.
Гипохолестеринемия бауырдың ауыр паренхиматоздық бұзылыстарында, бауырлық
комада байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: |