ФУНКЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕР
Асқазанның сөліністік қызметін тексеру. Зондтау әдісі.
Қарынды
зонд енгізу
арқылы фракциялық тексеру: Қарынның жұмыс жағдайын зерттеу үшін
жіңішке зонд
(диаметрі 3-5 мм, ұзындыгы 1-1,5
м) қолдану арқылы фракциялық тексеру жиі қолданы-
лады. Емшек жасындағы балаларға зондты жатқан күйінде енгізіледі. Фракциялық тексеру
ертеңгісін аш
қарынға, тыныштық жағдайда жасалады.
Бұл мезгілде қарын сөлінің
бөлінуіне теріс әсер ететінін факторлардың (тамақ иісі, тамақ туралы әңгіме, оны қорыту,
қол жұмсау және т.б.) әсерінен сақтау керек. Осы көзқарасқа байланысты зондтамастан
24–48 сағат бұрын қарынның сөлінің шығуына әртүрлі әсерін
тигізетін барлық дәрі-
дәрмектерді беру толық тоқтатылады.
Су ішу зондтау алдында 8 сағат бұрын, тамақ ішу 12-14 сағат бұрын тоқтатылуы
керек.
Тексеру алдында қышқыл, ащы, өткір, құнарсыз
қиын қортылатын тамақтар
берілмейді.
Достарыңызбен бөлісу: