3. Ішкі сараптама жүргізу үшін әрбір медициналық ұйымда ішкі бақылау (аудит)
қызметі құрылады. Осы қызметтің құрылымы мен құрамын ұйым басшысы көрсетілетін
медициналық қызметтер көлеміне қарай бекітеді.
Ішкі бақылау (аудит) қызметі медициналық ұйымның медициналық көмек көрсетуді
ұйымдастыруына,
клиникалық қызметіне, медициналық көмек көрсету тәртібін және
стандарттарды
бұзу фактілерінің анықталуына, сондай-ақ емделуде жатқан пациенттер
жолданымдарының бес күннен аспайтын мерзімде қаралуына ағымдағы талдау жүргізеді.
Ішкі бақылау (аудит) қызметі жүргізілген аудит нәтижелері
бойынша көрсетілетін
медициналық қызметтер сапасының төмендеуінің анықталған себептері мен жағдайларын
жою жөнінде медициналық ұйым басшысына ұсыныстар енгізеді.
4. Медициналық қызметтер көрсету сапасына сыртқы сараптаманы уәкілетті орган
және (немесе) тәуелсіз сарапшылар жүргізеді.
5.
Достарыңызбен бөлісу: