Денсаулық жағдайының Қазақстан Респуб ли касының Қарулы Күштеріндегі, басқа да әскер лері мен әскери құралымдарындағы , ұлттық қауіпсіздік,
ішкі істер және мемлекеттік авиация органдарындағы қызметке сәйкес келуіне қойылатын
талаптарды қорға-ныс, ішкі істер саласындағы орталық атқарушы органдар және ұлттық
қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы орталық мемлекеттік орган уәкілетті органмен
келісім бойынша бекітеді.
61-бап. Сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптамалар 1. Сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптамаларды
тағайындау мен жүргізудің процестік тәртібі Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс
жүргізу
кодексінде , Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу
кодексінде ,
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы
кодексінде белгіленген.
2. Көрсетілген сот сараптамасы түрлерін ұйымдастырудың және сот-сараптама
зерттеулерін жүргізудің тәртібі Қазақстан Республикасының сот-сараптама қызметі
туралы
заңнамасында белгіленген.