Трахеяны интубациялап өкпені жасанды желдендіруге көшудің абсолютті
көрсеткіштері
:
- көмейдің IV - дәрежелі тарылуы;
-
көмейдің ІІІ- дәрежелі тарылуында 30 минут бойына көрсетілген консервативті емнің
тиімсіздігі;
-
ІІ- дәрежелі тарылуда токсикоз, 3-дәрежелі тыныс жетіспеушілігі, жедел жүрек-тамыр
жетіспеушілігі;
- бронхиальды обструкцияның үдемелі артуы және «мылқау» өкпе синдромы;
- қандағы оттегінің парциальды қысымының 50мм с.б.-нан төмен түсуі, СО
2
парциальды
қысымының 60 мм с.б.-нан артуы.
Бактериялық қабыну белгілері байқалған жағдайда антибиотиктер (аминогликозид-
термен қосарлап ампициллин) тағайындау керек. Аллергиялық және таза вирустық СЛТ-те
антибактериальды терапия тиімсіз. Қызбада көрсетілетін шұғыл көмек:
Қызба –
қызу құрамының деңгейі мен дене температурасын қалыптыдан жоғары
ұстап тұруға қажетті термореттеуді қайта құруға қажетті организмге әсер ететін
патологиялық қоздырғыштарға организмнің қорғаныстық-бейімделу реакциясы. Ауыз
қуысындағы және аксилярлық аймақтағы температура тікішектегі температурадан
шамамен 0,5 және 0,8 (әрқайсысына сәйкес) градусқа төмен. Қызба көптеген инфекциялық
ауруларда, сонымен бірге жедел
респираторлы инфекцияларда, организмнің қорғаныс
күштерін стимулдейтін фактор болып келеді. Көптеген бактериялар мен вирустар жоғары
температурада тез өледі, осы фонда организмнің толық-құнды иммундық Тh1-типті - Ig
G-антидене және жад (ес) жасушаларының өнімдерін стимулдейтін, γ-интерферон,
интерлейкин-1,6 және ісік некрозы факторын, береді. Кезкелген қызбада негізсіз және жиі
дәрілік заттарды қолдана беру әртүрлі асқынуларға (дәрілік заттарға сенсибилизация,
агранулоцитоз, Рей синдромы және т.б.) әкелуі мүмкін.
Әсіресе, қызу түсіретін дәрілерді курстық тағайындаудан қашық болу керек. Себебі,
ол бактериальды
ауруды анықтауды қиындатып, антибиотиктік емнің әсерін тиімді
бағалауға мүмкіндік бермейді.
Қызбада дәрілік ем қолдану көрсеткішері:
- дене қызуының қолтық астында 39
о
, 3 айға дейінгі балаларда 38
о
артық болуы;
- дене қызуының жоғарлауына науқастың жоғары сезімталдығы (бұлшық етті ауырсы-
нудың пайда болуы және/немесе басының қатты ауруы және басқалар);
- орталық нерв жүйесінің аурулары;
- жүрек және бүйректің созылмалы декомпенсацияланған аурулары және басқалар;
- қанайналымның айтарлықтай орталықтануы.
Қызбаның «қызыл» түрінде (аяқ-қолының салқындауы, бетінің гиперемиясы, ыстық
сезімі) дене қызуын түсіруді физикалық тәсілдерден бастайды. Баланың денесін 5 минут
бойына салқын сумен (30-32
о
) сүртеді. Үстін сүрткеннен кейін, баланы қатты құндақтауға
болмайды. Процедураны әрбір 30 минут сайын 3-4 рет қайталайды.
Салқындандырудың физикалық тәсілдерінен пайда болмаған жағдайда немесе
жоғарыда көрсетілген көрсеткіштер болса, дене қызуын түсіру үшін қызбаның дәрілік емі
жүргізіледі. Фармакологиялық тұрғыдан ең тиімді дәрілер болып парацетамол және
стероидты емес қабынуға қарсы дәрі – ибубруфен есептелінеді.
Парацетамол негізінен
орталықтық әсер етеді, ОНЖ-сінен тыс простогландиндердің түзілуін баспайды, демек,
стероидты емес қабынуға қарсы дәрілерге тән, асқазан эрозиясы,
қан кету, аспириндік
астма сияқты жағымсыз әсерлері жоқ. Парацетомолды ішкізгеннен кейін, әсері 30-60
минуттан соң байқалады және 3-4 сағат бойына сақталады. Бір реттік мөлшері 10-15 мг\кг,
тәуелігіне 2-4 рет береді (тәуелігіне 60 мг\кг-нан артық болмауы керек). Препараттарды
баланың алғашқы айларынан бастап қолдануға рұқсат етілген. Парацетамолды тиісті
дозадан артық беру бауырда центролобулярлық (бөлік ортасында) некроз дамуына
байланысты бауыр жетіспеушілігіне әкелуі мүмкін. Арнайы антидот – N-ацетилцистеин –
4 сағаттық аралықпен 1-реттік қабылдауда 70 мг\кг мөлшерінде қолданылады.
437
Ибобруфен екі жақты антипиретикалық – орталықтық жән шеткі – әсер етеді. Ауруды
басу әсері парацетамолға қарағанда, басым. Ибубруфен-суспензияны балаларға бір ретте 5
мг\кг есебінен тағайындайды.
Балада қызбаның «ақшіл» түрі болса (қалтырау, тері жамылғысының бозғылтануы
және мрамор түстенуі, аяқ-қолының мұздауы) салқындатудың
физикалық тәсілдері
қолданылмайды. Ем тамырға әсер ететін дәрілерден басталады: никотин қышқылы – 1
мг\кг; дибазол – 0,1 ммг\кг; но-шпа – 1-2 мг\кг. Аяқ жылып, ыстық сезінуі пайда болғанда,
парацетамол мен ибобруфеннің жасына сәйкес мөлшерлерін тағайындауға болады.
Ішкізген препараттардан пайда болмаса немесе бала құсу байқалатын болса, бұлшық етке
литикалық қоспа енгізеді: дибазол 1% – 0,1 мг\кг; анальгин 50% – 10 мг\кг; пипольфен
2,5% – 0,25 мг/кг. Фебрильді құрысуларды басу үшін бұлшықетке немесе венаға 0,5%
диазепам (седуксен) ертідісін 0,5 мг\кг есебінен жібереді. Осымен бірге дене қызуын
түсіру шараларын жалғастыра береді. Құрысу пайда болған жағдайларда басқа
құрысулардан (гипокальцемиялық, гипогликемиялық, гипербилирубинемиялық, тұқым
қуалайтын
арулардағы құрысулар, нейроинфекциялар, эпилепсия және т.б.) ажырату
керек, себебі құрысудың себебін дұрыс анықтау, одан әрі дұрыс ем жасауға және дұрыс
бағытта зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді. Тіптен бір рет құрысу ұстамасы байқалған
балалардың өзіде невролог маманмен қаралуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: