Жергілікті пневмосклероз. Бронхоэктатикалық ауру сықылды жергілікті пневмосклерозда жедел пневмонияның, бөгде денелердің аспирациясының, туа біткен немесе пайда болған ателектаздың жағымсыз ақыры болуы мүмкін. Склеротикалық процесс бір немесе бірнеше сегменттік бронхтың дистальды бөлімін
және перибронхиальды тіндерді қамтып, өкпе тінінің зақымдалған аймағының тыртықты
семуіне әкеледі. Жергілікті пневомсклероз белгісіз өтуі мүмкін де, тек рентгенде – айқын
шекаралы гомогенді көлеңке – кездейсоқ табылатын белгі болып келеді. Бір сегменттің
склерозы сыртқы тыныс функциясына әсер етпейді. Полисегментарлы зақымдалуларда
рестриктивті бұзылыстар анықталады