177-бап. Қазақстан Республикасы дәрігерінің анты Жоғары білім беру ұйымдарын медициналық мамандықтар бойынша оқып бітірген
түлектер мынадай мазмұндағы Қазақстан Республикасы дәрігерінің антын қабылдайды:
«Дәрігердің құрметті атағын ала отырып, өз ұстаздарым мен әріптестерімнің алдында
өзімді азаматтардың денсаулығын сақтауға бар болмысыммен бағыштап, дәрігерлік ұлы
іске адал әрі қалтқысыз қызмет етуге салтанатты түрде ант етемін. Өз қызметімде
денсаулығы ең жоғары құндылық болып табылатын өз пациенттерімнің мүдделерін ғана
басшылыққа аламын деп ант етемін. Жасына, жынысына, ұлтына, діни сеніміне,
әлеуметтік жағдайы мен азаматтығына қарамастан, мұқтаж болған әрбір адамға бірдей
ынта-жігермен және шыдамдылықпен медициналық көмек көрсетуге ант етемін.
Дәрігерлік құпияны сақтауға, оны ешқашан пайдакүнемдік мақсатта пайдаланбауға ант
етемін. Өз білімім мен дағдыларымды ұдайы жетілдіруге, өзіме де, өз шәкірттеріме де
талапшыл болуға, ешқашан риясыз көмек көрсетуден бас тартпауға және егер оны
пациенттің мүддесі талап етсе, әріптестеріммен кеңесуге ант етемін. Қазақстандық
медицинаның игі дәстүрлерін сақтауға және байытуға, мені дәрігерлік өнерге баулыған
адамдарға алғыс білдіре отырып, оларды құрметтеуге ант етемін.».