Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет935/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   931   932   933   934   935   936   937   938   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

Синустық тахикардия
ызбаға, күйзеліске, дегидратацияға немесе анемияға
физиологиялық реакция болып келеді, кейде идиопатиялық болуы да мүмкін. ЭКГ-де әр
QRS кешенінің алдында қалыпты Р-тісшесі анықталады; R-R арақашықтығы шамамен
бірдей. ЖСС жиілігі нәрестелерде 200-ден артық, ал басқа балаларда 150-ден артық. 
Емі
.
Тахикардия себебін жою. 
Автоматтық жүрекшелік тахикардия
(күшейген эктопиялық ырғақ) жүрек-
шеде автоматизмнің күшеюнің (кардитте, кардиомиопатияларда жиі кездеседі) әсерінен
пайда болады. ЭКГ-де Р-тісшесі өзгерген; жүрекшелік ырғақ минутына 160-240 рет,
физикалық салмақ түскенде жиілейді, атривентрикулярлы өткізгіштік баялауы мүмкін. 
Емі:
арнайы ауруханада жүргізіледі. Дигоксин, β-адреноблокаторлар, кейде –
амиодарон
(96 кесте)
қолданылады. Берік тахикардия байқалған жағдайда патологиялық
активті аймақты катетордың көмегімен немесе хирургиялық жолмен деструкциялайды. 
Жыбыр аритмиясы
кардиттердің, жүрек ақауларының, гипертрофиялық
кардиомиопатиялардың, тиреотоксикоздың, WPW cиндромының нәтижесі болып келеді.
ЭКГ-де дұрыс емес, аласа амплитудалы жүрекшелік активтілікті дұрыс емес қарыншалық
ырғақпен жазады. Кейде аберрантты QRS кешені анықталуы мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   931   932   933   934   935   936   937   938   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет